«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Туризм және спорт министрі тағайындалды

Туризм және спорт министрі тағайындалды
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Туризм және спорт министрі лауазымына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ербол Қуантайұлы 1984 жылы Шығыс Қазақстанда дүниеге келген. 

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.

2006-2018 жж. – «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.

2018-2020 жж. «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020-2021 жж. – «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.

2021 жылғы наурыз айынан Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.

2023 жылы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Еске салайық, кеше Президент Туризм және спорт министрі қызметінен Ермек Маржықпаевты босатқан еді.

Ұқсас жаңалықтар