Құрметті жамбылдықтар!
Баршаңызды мерейлі мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз Тәуелсіз Отанымыздың ең басты құндылығы әрі негізі. Адам құқығы мен бостандығының сенімді кепілі.
Биыл ел Конституциясына 29 жыл толып отыр. Осы өшпес жылдар белесінде еліміз қарыштап дамып, әлем таныған іргелі мемлекетке айналды. Экономикамыз алға ілгерілеп, азаматтардың әл- ауқаты артты. Мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ішкі тыныштық орнықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата Заң ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деп еліміздің басты құжатының маңыздылығын айрықша атап өткен болатын.
Бүгінде ел Президентінің бастамасымен ортақ Отанымыз дамудың жаңа кезеңі мен даңғыл жолына түсті. Елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, өз жемісін беруде.
Халқымыз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында тату-тәтті күн кешіп келеді.
Қадірлі жерлестер!
Ата Заң – егемен еліміздің берік іргетасы десек, оны қастерлеу, құрмет тұту, талаптарын мүлтіксіз орындау әр азаматтың қасиетті парызы.
Барша жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, елімізге бейбітшілік пен тыныштық, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!
Облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Той тағылым мен талғамды тоғыстыру керек
- 10 желтоқсан, 2024
Қатар сапары: Президент Доха форумына қатысты
- 10 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді