Кіт апхана қызметкерлері оқырмандарға халқымызға орны толмас қайғы әкелген, ядролық жарылыстар алаңына айналған Семей ядролық сынақ полигонының т арихы, апат салдары, сынақ полигонының жабылуы туралы мәліметтермен т аныстырып өтті. Сонымен қатар, «Ядросыз Қазақстан – әлемге үлгі» атты бейнеролик көрсетіліп, талқыланды. Жиынға арнайы шақырылған қонақтар облыстағы Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Қуантаев пен осы ұйым ардагерлері Бержан Бураев, Жүрсінбай Бекмұрзаев ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі тартып келе жатқаны, еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалғаны туралы айтып өтті. Кітапхананың тұрақты оқырманы Құрманбек Әбдірайм тақырып аясында өз пікірін білдірді. Іс-шара барысында «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, Семей ядролық полигонының тарихы мен хронологиялық оқиғалары жайлы жазылған М.Сәрсекенің «Семей қасіреті» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды. Іс-шара соңында «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Мұратұлы жоғарыда аталған ұйым ардагерлерін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған төс белгілерімен марапаттады.
Қарлығаш АГИГАЕВА,
М.Әуезов атындағы
кітапхана меңгерушісі
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




