
Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков алтын құрсақты ананың шаңырағына арнайы барып, қуанышымен құттықтады.
– Елімізде демографиялық саясаттың дұрыс жолға қойылуының нәтиже сінде халық саны артып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Сіздердің әлеуметтік жағдайларыңызбен жете таныспыз. Әсіресе, жанұяңыздың баспанамен қамтамасыз етілуі заң шеңберінде, кезектегі реттілігіңізге сай жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жомарт жандардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» секілді қайырымдылық шара лары арқылы да аталған түйткілдің түйінін тарқатуға мүмкіндігіміз бар. Бірер күнде жаңа оқу жылы да басталады. Соған байланысты мектеп жасындағы ұл-қыздарыңыз «Мектепке жол» акциясы аясында қажетті оқу құралдарымен, киім-кешектерімен толығымен қамтамасыз етіледі. Өйткені, алтын құрсақты аналарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Шаңырағыңыздан әрдайым сәбидің үні үзілмесін! – деген Бақытжан Әмірбекұлы көпбалалы анаға сый - сияпаттарын табыстады.
Үшемнің анасы да шаһар басшысына ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын жеткізді.
Сәбилер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында өмір есігін ашқан екен. Олардың бірінің салмағы – 992,0 грамм болса, екіншісінікі – 984,0, үшіншісінікі – 950 грамм. Қазір сәбилердің денсаулығы жақсы.
Жалпы, былтыр Таразда бір үшем дүниеге келсе, биылдың алғашқы алты айының өзінде екі үшем өмір есігін ашты.
«Aq jol»-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Киелі мекен аумағы тазартылды
- 22 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді