Қастерлі де құрметті қызмет

Қастерлі де құрметті қызмет
Алтынбек ҚАРТАБАЙ
Шекара қауіпсіздігі қашанда ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі саналады. Оны елдің саяси және экономикалық мүдделерін мұқият қорғайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамдас бөлігі – Шекара қызметі іске асырады. Бүгінгі таңда шекарашылар трансшекаралық қылмысқа, халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзуға сенімді тосқауыл қоя отырып, батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғап келеді. Жұрт ұйқыда жатқанда, ел шетін кірпік қақпай күзететін шекара шебіндегі жауынгерлердің еңбегі ерлікпен пара-пар. 18 тамыз атаулы мамандық иелерінің меншікті мерекесі қарсаңында Тараз қаласының іргесіндегі ҰҚК Шекара қызметіне қарасты «Бесағаш» шекара бөліміне барып, шептегі шымыр жігіттердің бір күнгі өмірімен танысып қайтқан едік.

Біз барған шекара бөліміне қазаққырғыз мемлекеттік шекарасын күзету міндеттелген. Атшаптырым аумақты алып жатқан қалашықта әскерилер отбасының жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған. Жауапты іске жұмылған жандардың тыныс-тіршілігімен танысуға барған тілшілер қауымын «Бесағаш» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, аға лейтенант Мирас Камонов қарсы алды. Жастайынан шекарашы болуды арман еткен офицер бұған дейін де бірқатар қызметтерді атқарып, өңірдегі шекара бөлімшелерінде тәжірибе жинап шыңдалған.

– Отан қорғау – абыройлы міндет. Біздің бөлімшедегі әрбір қызметкер мұны терең сезінеді. Бөлімше ішіндегі темірдей тәртіп бәрінен маңызды. Өзімнің балалық шағым туған жерім Ақмола облысындағы шекара бекетінің маңындағы елді мекенде өткендіктен, ерте жасымнан осы мамандыққа қызығушылығым оянды. Жастайымнан шекара шебіндегі жауынгерлерге қарап бой түзеп, офицер болуды армандадым. Осылайша төрт жыл әскери білімді игеріп, бүгінде бөлімше бастығының жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары қызметін атқарудамын. Бұл мәртебелі міндет үлкен жауапкерлікті арқалайды. Жеке құрамның оқужаттығу даярлығы мен ішкі, сыртқы тәртібін қадағалап, аттар мен иттердің қызметтік даярлығына жауапкершілік танытамыз. Мұнда ең маңыздысы, Конституциямызда атап өткендей, адам өмірі мен денсаулығын сақтау бірінші орынға қойылады. Біз жаңадан келген сарбаздарға әскери өмірдің қыр-сырын үйретіп, арнайы бекітілген сабақ кестесі арқылы әскери дайындыққа баулимыз. Осылайша әрбір жаңадан келген сарбаз шекара қызметінің жұмысы іс жүзінде әлдеқайда күрделі әрі құрметті екендігін сәт сайын тани түседі, – дейді аға лейтенант Мирас Сұңғатұлы.

Иә, шындығында шекара қызметіне кездейсоқ ешкім келе бермейді. Өйткені шекара шебі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттейтін нәзік иірім. Мұндағы әрбір іс-әрекет келеңсіздік пен қателікті кешірмейді. Сондықтан да бұл салаға тек сайдың тасындай іріктелген сарбаздар ғана аяқ басады. Олар өз ұлтының бейбітшілігі мен асқақ абыройын терең түсінгендер. Бүгінде мұнда көктемгі шақырылымнан еліміздің түкпіртүкпірінен жас сарбаздар жиылған. Олар бұған дейін өзге бөлімшелерде екі айлық даярлық кезеңін тәмамдап, шекара шебіне жөнелтілген. Бүгінде оларға департамент бекіткен арнайы сабақ кестесіне сай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, шекарашылардың өмірі өзіне тән қиындығымен һәм қызығымен ерекшеленеді. Белгілі бір шекарада бірнеше жыл қызмет атқарғаннан кейін басшылықтың бұйрығымен еліміздің кез келген нүктесіне жұмыс ауыстыруларына тура келеді. «Онда емес, анда барғым келеді» деген сыңайдағы уәж қабылданбайды. Себебі, бұйрық талқыланбайды. Шекарадағы болаттай берік жігіттер мұндайға әбден үйренген. Солардың бірі – жақында жауапты қызметке тағайындалған бөлімше бастығының тәрбиелік-идеологиялық жөніндегі орынбасары, лейтенант Данияр Баширов. Ол бөлімшеде сарбаздардың моральдық өсіп-жетілуіне ықпал етіп, тәрбиелік-тағылымдық жұмыстарды ұйымдастырумен айналысады.

– Бір қарағанда, шекарашылардың өмірі бір сарынмен өтіп жатқан бөлек бір әлем секілді көрінеді. Алайда, олай емес. Бөлімшедегілер өзара достық қарым-қатынас, жанашырлық пен қамқорлық секілді игі қасиеттерді берік сақтайды. Жауынгерлер бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бір сөзбен айтсам, бәріміз бір отбасы секілдіміз. Біз күзететін шекара екі ел арасын бөліп жатыр. Сондықтан әрбір жауынгерде, әсіресе, жас сарбаздарда психологиялық қысымның болатыны сөзсіз. Мұндағы әрбір жағдай біздің назарымыздан тыс қалмайды. Біз сарбаздардың керек мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, оларды мазалайтын с ұ р а қ т а рд ы ш е ш у б а ғ ы т ы н д а жедел іс-әрекет ұйымдастырып, дер шағында жоғары басшылыққа жеткізіп отырамыз. Бұл өз кезегінде жауынгерлердің моральдық ахуалын қалыпты деңгейде сақтап отыруға септігін тигізеді, – дейді.

Б ө л і м ш е д е ж ау ы н г е р л е р г е ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған. Мұнда арнайы оқу кабинеттері керек-жарақтармен, о қ у қ ұ р а л д а р ы м е н , з а м а н ау и құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ, с арбаздардың бо с уақытында сауықтыру шараларын ұйымдастыруға музыкалық аспаптар, интелектуалды ойын түрлері – дойбы, шахмат, доминомен шұғылданып, кітап оқуға да жағдай жасалған. Оған арнайы оқу кабинеттеріндегі түрлі тақырыптағы оқулықтар мен алыстан менмұндалап тұрған батыр Баукеңнің жинақтарын мысалға келтіруге болады. Сонымен бірге жас сарбаздарды отансүйгіштікке, патриотизмге баулу мақсатында «Застава тарландары» р е с п у б л и к а л ы қ ш е к а р а ш ы ардагерлердің қоғамдық бірлестігі төрағасы Қошан Жұмабаевтың айтуынша, мұнда қоғамдық бірлестік тарапынан тәрбиелік жұмыстарға жиі қолдау көрсетіліп тұрады.

Шекара қызметі үздіксіз тәулік бойына қызмет атқарады. Тәртіп бойынша шекарашылардың қызу жұмысы кешкі 20:00-де басталады. Сай тасындай саңлақтар сапқа тұрып, өздеріне жүктелген жауапты міндеттеріне жұмылады. Жоғары басшылықтан берілген бұйрық талаптарына сәйкес бірі биік мұнара басында мойнына дүрбі іліп, алыс-жақынды барласа, енді бірі атқа мініп аумақтың тыныштығын күзетеді. Мұздай қару асынған тағы бірнеше шекарашы тау-тасты аралап, күнделікті ісіне кіріседі. Мұндағы ең жауапты қызметтердің бірі – атбегілер мен кинолог мамандарға жүктелетіні түсінікті. Талапқа сәйкес, әрқайсысы өзіне белгіленген уақыт аралығында шегенделген жерді жүріп өтіп, аймақ тыныштығына көз жеткізеді. Шымкент қаласының тумасы Әсет Сейдуалы еліміздің шығысында арнайы оқу кезеңінде кинолог мамандығын таңдаған жастың бірі. Наурыз айында әскер қатарына алынып, Күршімде әскери дайындықтан өткен жас сарбаз маусым айынан бері Бесағаш бөлімшесінде абыроймен қызмет етіп келеді.

– «Жұмысымыз аса жауапты. Кезекшілік кезінде бір сәт босаңсуға болмайды. Күн сайын жаттығу жасап, біліктілігімізді арттырамыз. Арнаулы мамандардан сабақ аламыз. Өзім үшін шекара үлкен мектеп. Кинолог мамандығы шекара бөлімінде маңызды рөл атқарады. Біз шекара бұзу белгілері анықталған кезде оқиға орнына бірінші болып жетіп іздерді анықтаймыз, иіс арқылы шекара бұзушыны іздестіреміз. Мұнда қызметтік иттерге де аса қамқорлық қажет. Сол үшін оларға өздеріне белгіленген нормаларға сәйкес тамақтарын беріп, белгіленген графикке сәйкес жүгіртіп, оқужаттығуды ұйымдастырып отырамыз. Халқымыз жеті қазынаның біріне балайтын төртаяқты жануар адамның досы ғана емес, адал көмекшісі де. Әсіресе, шекара қызметінде қауіпсіздікті сақтауда, қалыптасқан тәртіп пен табандылықты қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетуде иттерді ешқандай техника алмастыра алмайды, – деді бұл салада жүргеніне үш жылдан асқан, өзінің қарамағындағы неміс овчаркасын Ной деп таныстырған жас сарбаз Әсет Сейдуалы.

Бұдан бөлек, бөлімше көлік жүргізушілері мен механиктер, атбегілер, аспаздар сияқты қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген. Олардың бәрі де бір мақсатқа жұмылып, ел тыныштығын күзетуде табандылық пен тәртіпті ту етіп қызмет атқарып келеді. Осыған қарапақ, әскери өмірдің тірегі де, жүрегі де тәртіптен тұратындығына тағы мәрте көз жеткізіп, осы тұста ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзін еріксіз еске аласың. Мұндағы өмірдің мызғымас қатаң тәртіпсіз болуына да жол жоқ, өйткені заманауи техникалар қанша жетілгенімен, адами фактор әсерінен шекара шебінде заңбұзушылықтардың о р ы н а л а б е р е т і н д і г і д е толастамайтын құбылыс. Мұндай шекараны заңсыз кесіп өтушілік факторларды бөлімшедегілер өзара үйлесімді жұмыстың арқасында дер кезінде анықтап отырады. Мәселен, жыл басында мұнда жас сарбаз Абугащим Суфур техникабақылау кезекшілігінде осындай заңбұзушылықты байқап қалып, дер кезінде жоғары басшылыққа хабарлап, шекарадан заңсыз өтушілердің жолын кескен.

– К е з е к ш і л і к б а р ы с ы н д а стационарлық бақылау камераларына тексеріс жүргізіп отырамыз. Біздің шекара аймағы арқылы Талас өзені өтеді. Осындай сәттердің бірінде түс уақытында өзеннен белгісіз қорапшаның ағып өтіп бара жатқанын аңғарып қалдым. Бұл жөнінде байланыс бойынша кезекшіге хабарлап, мән-жайды баяндадым. Жағдаймен танысқан бөлімше бастығының ұтымды іс-әрекетінің арқасында дабыл тобы темекіні заңсыз алып өтпек болған қылмыскерлерді ұстады, – дейді оқиға куәгері.

Бөлімше бастығының орынбасары Мирас Сұңғатұлының айтуынша, Бесағаш шекара бөлімшесі қалаға жақын аймақта орналасқан белсенді шекара аймағы болғандықтан, мұнда контрабандалық іс-әрекеттер жиі болатын көрінеді. Мәселен, мамыр айында мемлекеттік шекара сызығынан 150 қорап темекі алып өтушілер анықталған. Бұл заңсыз тауарлардың шығын көлемі шамамен 10 миллион теңгені құраған. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде заңбұзушылық фактілеріне дер кезінде қажетті шешімдер қабылданып, тиісті шаралар ұйымдастырылған. Шекарашылардың сөзінше, уақыт өткен сайын шекараны заңсыз кесіп өтушілердің түрлі айла-шарғылары қалыптасып келеді. Сол себепті бесағаштықтар бұл бағытта қандай да болсын қауіптің алдын алу мақсатында өзге бөлімшелермен өзара тиімді байланыс орнатып, жедел ақпараттандыру жұмыстарын жолға қойып жүйелі жұмыстар атқаруда.

Қалай десек те, мемлекеттің тыныштығын күзеткен шекарашылар саласы қастерлі де құрметті қызмет. Олар ауа-райының қолайсыздықтарына қарамай, күн-түн демей, ел шебін қырағылықпен күзетіп өз міндеттерін м ү л т і кс і з ат қ а р ы п ке л ед і . Е л тәуелсіздігінің отыз жылдан астам тарихында мемлекеттік шекарада қандай да бір келеңсіз оқиғалардың болмауы шекара шебіндегі жауынгерлердің жүрегінде Отан деген қасиетті ұғымның мықтап орныққанының дәлелі. Біз бұған Бесағаш бөлімшесінде тағы мәрте көз жеткіздік. Мұндағы мұнтаздай тазалыққа, сарбаздардың с ап т ы қ а д ы м ы ғ а н а е с т і л е т і н тыныштыққа қарап, бейбітшіліктің байрағы әлі мыңжылдықтар бойы желбірейтіндігіне кәміл сенесің. Шекарамызда сайыпқыран сарбаздар тұрғанда солай болатындығына да еш күмәніміз жоқ.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар