Техникалық шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін нықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өз-өздерін танып-білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Техникалық шығармашылық үйірмелер өзге үйірмелерге ұқсамайтын, өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор, «Ұшақ үлгілеу», «Кеме үлгілеу», «Автобагги», «Робототехника» үйірмелері базалық мазмұны тәрбиеленушілердің болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытуымен қатар өздерін-өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әр түрлі салалар бойынша біліктіліктерін шыңдауға үйретеді.
Орталық екі бағытта жұмыс істейді. Спорттық техникалық үйірмелер: «Ұшақ үлгілеу», «Кеме үлгілеу», «Автобагги», «Робототехника». Ғылыми-техникалық үйірмелер: «Авто-ХХІ», «Тракторшы», «Бағдаршам», «Жас жол инспекторы», «Техникалық көркем еңбек», «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы», «Конструкциялық материалдарды өңдеу».
Орталық үйірмелерінде жасөспірім тек педагогтың үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймайды, оған талдау жасайды, жасалу, өңделу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Бала жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсетеді. Тапсырманы орындап қана қоймай, өзге оқушыларды да шығармашылықпен айналысуға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушыға белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой-өрісі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеруге ықпал жасаймыз. Осы белсенділік арасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады.
Сонымен қатар, «Авто ХХІ, тракторшы» үйірме оқушылары екі жылдық мемлекеттік бағдарламамен оқып, яғни 10-11 сынып оқушылары «В» санатты көлік жүргізушісі және тракторшы мамандығын оқығаны туралы куәлік алады.
Міндет – жан-жақты қамтылған бүгінгі заман талабына сай әдістерді пайдалана отырып, оқушыларға техникалық-шығармашылық білім беру, оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, кеңейту және бекіту. Ал біздегі техникалық үйірмелердің мақсаты – практикалық жұмыс кезінде жастардың техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық ойларын дамыта отырып, өз беттерінше жұмыс істей алу ептілігін дамыту.
Үйірме оқушылары сабақтан тыс уақытта шикізат түрлерінен техникалық құрылғы үлгілерін жасаумен айналысады. Практикалық жұмыс кезінде оқушылар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытады. Үйірме оқушылары алғашқы жұмыстарын шаблон үлгімен істейді, сызбалармен танысады, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Үйірме барысында оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, қорытындысын көрсетеді. Оқушының ой-өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады.
Темір АҚЫЛБЕКОВ,
техникалық шығармашылық
орталығы қосымша
білім беру педагогы
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді