Ұялы телефон қалай пайда болды?

Ұялы телефон қалай пайда болды?
ашық дереккөз
Ұялы телефон қалай пайда болды?

 Бұрын қалай болғанын қайдам, тап бүгінде ұялы телефонсыз өмірімізді бір секундқа да елестете алмаймыз. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып» қажетімізге жарап тұрған, кез-келген жерде ұстап жүруге ыңғайлы, баршамыздың өмірімізді жеңілдеткен ұялы телефондардың тарихын көбіміз біле бермейміз. Сонымен, алғашқы телефонның және ұялы телефонның пайда болу тарихымен таныс бола отырыңыздар.

191875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді екен.

18Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Нақтырақ айтсақ, ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Сол күні Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер өзінің бәсекелесі, BeLL Laboratories компаниясы зерттеу бөлімінің басшысы Джоел Энгелге телефон шалады. Жұмыс кабинетіндегі телефон тұтқасын көтерген Джоел Энгелге Мартин: «Сен менің қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефонмен хабарласып тұрмын» деген екен. Кейін Купер бұл оқиға туралы «Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, тістерінің сықырлағанын естігендей болдым», – депті. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық стансалары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық стансадан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Түрлері де сан алуан. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Алайда, ұялы телефон бірден қазіргі жағдайға жете қойған жоқ. Жаппай өндіріле бастаған алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болатын. Сонымен бірге бағасы 4000 доллар (сол кездегі бағамен әжептәуір сома) болғандықтан, ұялы телефонды тек әскерилер мен ірі кәсіпкерлер ғана қолданған екен. Қазіргі заманауи ұялы телефондардың пайда 20болуына автокөліктің ішіне орнатылған радиотелефон түрткі болды. Құрылғылардың өлшемі мен салмағы тым үлкен болған. Осындай бір байланыс құралының салмағы шамамен 15 келі еді. Құрылғының ауырлығына қарамастан, оларға деген сұраныс күннен-күнге өсіп отырған. Motorola компаниясының инженері әрі өнертапқышы Мартин Купер бұл құрылғының салмағы мен өлшемін төмендету идеясын алға тартып, адам баласының телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асыра бастады. Сөйтіп, Motorola компаниясының басқа да инженерлері құрылғыны жетілдірумен айналысып, біраз тер төккен. Компанияның ұстанған бағыты мен өндірістің дұрыс жоспарлануы Motorola компаниясының бәсекелестерінен озып шығуына мүмкіндік берді. Купердің идеясын жүзеге асыру үшін 15 жыл мен 90 миллион доллар қаражат жұмсалған екен. Әлемдегі алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері 22,5х12,5х3,75 сантиметрге тең еді. Жарық диодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. 1983 жылға дейін осындай байланыс құралының 5 данасы шығарылса, кейін осы үлгінің жетілдірілген нұсқасы шықты. Жаңа салмағы 850 грамм болған телефон 3995 долларға бағаланған еді. Бір жылдың ішінде осындай құралдардың 12 мың данасы сатылған. Әлемдегі алғашқы ұялы телефон – Motorola DynaTAC 8000X. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің ұялы телефонды өмірге әкелген өнертапқыштық жаңалығының шарапатын қазір әлем халқының жартысынан жуығы көріп отыр. Ата-аналар үшін балаларының қайда жүргенін білуге қолайлы болғандықтан ұялы телефонды тіпті 1-сынып оқушылары да қолданатын болды. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Фариза Жорабекқызы,  журналист.

Ұқсас жаңалықтар