Елімізде жасанды қан жасалады

Елімізде  жасанды қан жасалады
ашық дереккөз
Елімізде жасанды қан жасалады

Жасанды қан елімізде де жасалатын болды. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Ол шұғыл медициналық жағдайда қолданылады. Жарақат алғанда немесе ота кезінде көп қан жоғалтқан адамдарға құйылады. Әрине, ол кәдімгі қанды алмастыра алмайды. Донор табылғанша пациенттің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Жасанды қан елімізде жиі пайдаланылады. Алайда, оны шетелден алдырады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мұнай өнімдерінен жасанды қан жасауды ұсынып отыр қазақстандық ғалымдар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің профессоры Дмитрий Корулькиннің айтуынша, мұнай өнімдерінен жасанды қанды алудың жолдары көп. Алайда, біздің технология олардан оңайлылығымен және экологиялық жағынан тазалығымен ерекшеленеді. Елімізде негізінен Қытайда жасалған жасанды қанның жиі қолданылатынын да жайып салды. Олардың құрамында зиянды әрі улы заттар көп екенін, кей жағдайларда ол пациенттің өмірін сақтап қалуда көмектесе бермейтінін де жасырмады. Егер елімізде жасанды қан жасалатын болса, шетелден алдырылатын түріне қарағанда 3-4 есеге арзан түсетінін де жеткізді.

Жоба жетекшісі:  Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru

Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru

Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru

Ұқсас жаңалықтар