«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Абайлаңыз: Газ құбыры!

Абайлаңыз: Газ құбыры!
Ашық дереккөз
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының аумағы арқылы компрессор станцияларды, сондай-ақ диаметрі 1000-нан 1200 мм-ге дейінгі жоғары қысымды «А», «В», «С» желілерін қамтитын «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының Бірінші учаскесі (бұдан әрі – газ құбыры) өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2008 ж. №651 Қаулысына сәйкес газ құбыры Қазақстан Республикасының стратегиялық нысаны болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 118, 121-баптарының, Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңының талаптарына сәйкес газ құбырын іске пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және газ құбыры мен оның нысандарының бүліну мүмкіндігін болғызбау үшін олардың айналасында мынадай КҮЗЕТ АЙМАҚТАРЫ белгіленеді: Газ құбыры желісінің бойында – құбыр өсінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде - құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде; компрессор станцияларының бойында, ГӨС – барлық жағынан 100 метр.

Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына сәйкес газ құбырының күзет аймағында тыйым салынады:

1) өткелдерді, қара жолдарды және газ құбыры желісі мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен ке сіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін «Азиялық Газқұбыры» ЖШС-мен келіспей, орнатуға;

2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі 35 см аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа , «Азиялық Газқұбыры» ЖШС келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

3) «Азиялық Газқұбыры» ЖШС салдырған, газ құбырына қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды қалпына келтіруге, сондай-ақ газ құбырында өртке қарсы және күзет жұмыстарын орындайтын қызмектерлердің осы жолдармен қозғалысына кедергі келтіруге;

4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

7) «Азиялық Газқұбыры» ЖШС келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге.

Сондай-ақ, ҚР ЕК 3.05-101- 2013 «Магистральды құбырлар», Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 22.01.2015 ж. №33 Бұйрығымен бекітілген Магистральды газ құбырларын іске пайдалану Ережелеріне, ЕАЭО ТР 049/2020 сәйкес жерасты газ құбырларының осінен, компрессорлық станциялардан нысандарға, ғимараттарға, құрылыстарға дейін ең қысқа қашықтық аймақтары (қауіпсіздік аймақтары) көзделеді (жерасты газ құбырларының осінен елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына дейін –300 метрден кем емес; компрессорлық станциялардан елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына дейін - 700 метрден кем емес).

Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңына сәйкес құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген ең қысқа қашықтық шегінде магистральды құбырға жатпайтын кез келген нысандарды салуға тыйым салынады.

Қандай да бір жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруды жо спарлау кезінде газ құбыры нысандарының күзет аймақтары мен ең қысқа қауіпсіз қашықтық аймақтары бойынша жоғарыда көрсетілген талаптарды мүлтіксіз және қатаң сақтау қажет.

Жоғарыда көрсетілген нормалар мемлекеттік нормативтер жүйесіне кіреді және барлық шаруашылық қызмет субъектілерінің сақталуы үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №33 Бұйрығымен бекітілген Магистральды газ құбырларын іске пайдалану ережелеріне сәйкес күзет аймақтарында жұмыстардың орындалуын бақылауды және ең төмен қашықтық аймақтарда (қауіпсіздік аймақтарында) жұмыстарды жүргізуге келісуді белгіленген талаптарға сәйкес газ тасымалдау ұйымы («Азиялық Газқұбыры» ЖШС) жүзеге асырады.

ГАЗ ҚҰБЫРЫ АРҚЫЛЫ АРНАЙЫ ОРНАТЫЛҒАН ӨТКЕЛДЕР ЖОҚ ЖЕРЛЕРДЕН ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Осыған байланысты, газ құбыры қауіптілігі жоғары нысан болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңының және газ құбыры нысандарының күзет аймақтары мен ең қысқа қауіпсіз қашықтық аймақтары (қауіпсіздік аймақтары) бойынша Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау материалдық залалдарға және адам өліміне әкелетін төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Қазақстан Республикасы заңнамасының газ құбыры нысандарының күзет аймақтары мен ең төмен қауіпсіз қашықтық аймақтары бойынша талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының күзет аймақтары мен газ құбыры нысандарының ең қысқа қауіпсіз қашықтық аймақтары бойынша заңнамасының талаптарын атқару тек құбыр тасмалы кәсіпорындарының ғана емес, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ газ құбыры желілері өтетін / газ құбыры нысандары орналасқан аумақтарында жұмыстарды немесе қандай да бір іс - қимылдарды орындайтын ұйымдар мен азаматтардға міндетті болып табылады.

Газ құбырының күзет аймағында жұмыс жүргізуге рұқсат алу үшін және ең қысқа қашықтық аймақтарда (қауіпсіздік аймақтарында) жұмыс жүргізуді келісу үшін Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой станциясы, «Тараз» газ тасымалдау басқармасы мекенжайына жазбаша хабарласу қажет. Ұялы телефон:

+7 (705) 888 24 37; +7 (707) 766 03 66. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС бас кеңсесі Алматы қаласында, Абай даңғылы, 109В, «Globus» БО-да орналасқан. Диспетчер телефоны: +7 (727) 393 02 65; +7 (727) 393 02 67.

Ұқсас жаңалықтар