Қауіптің алдын алу үшін де елімізде бүгінде ревматологиялық науқастарға көмек көрсетуді жақсарту барынша жүзеге асырылып отыр. Облысымызда ревматологиялық орталықтың ашылуы осындай мақсаттан туындаған.
Облыстық көпбейінді аурухананың базасында ашылған ревматологиялық орталықтың халық денсаулығын жақсартуға үлкен септігін тигізетініне сенім мол.
– Бұл орталық өңірдегі ревматологиялық ауруларды қамту, диагностикалау және емдеу ісін оңтайландырады. Пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі дәрі-дәрмектерді уақтылы тағайындау үшін пациенттердің динамикалық мониторингі ұйымдастырылады. Ол физиотерапия және жаттығу терапиясының әдістерін қолданып, науқастарға мүгедектіктің алдын алуға көмек көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін және күндізгі стационарлардан бөлек, емделушілерге тексерілу, кеңес алу және емдеу мүмкіндігін беретін амбулаториялық қызмет кеңейеді, – дейді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова.
Орталықтың құрылымында консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған ревматолог кабинеті, гендік-инженерлік биологиялық терапия кабинеті (ГИБТ), буынішілік манипуляциялар кабинеті, капилляроскопия, денситометрия орналасқан. Медициналық көмекті 4 дәрігер көрсетеді. Айта кетейік, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емхананың жолдамасы бойынша ревматологиялық орталықта тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.
Облыс бойынша ревматологиялық диагнозбен 4825 науқас диспансерлік есепте тұрады. Оның ішінде құрылымындағы негізгі бөлігі бойынша остеоартроз – 1656, серонегативті ревматоидты артрит – 1142, серопозитивті ревматоидты артрит – 985, жүйелі қызыл жегі ауруымен және басқа реактивті артропатиямен 142 пациент тіркелген. Жанар Мықтыбекқызының айтуынша, енді жаңа орталықтың қызметімен ревматологиялық дертке шалдыққан жамбылдықтарға барынша жоғары және білікті медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпті дерттің алдын алу маңызды
- 2 желтоқсан, 2024
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді