– Технология қарыштап дамыған заманда халқымыздың көптеген тұрмыстық құралдары, дәстүрлері ұмытылып қалды. Осыны қайта жаңғыртып, жас буынға таныту мақсатында әжелер клубы жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Библио- кафемізде қол диірменді қалай қолданғанын көрсете отырып, бидай, арпа, тары, жүгеріні тартып, олардың ұнынан қандай тағамдар әзірленетінін көрсеттік. Мәселен, тарыдан майсөк жасалса, талқаннан жент, жүгерінің ұнынан тәтті күлше, жүгерінің өзінен ашымық көже әзірледік. Осы іс-шарамызға қатысқан жас оқырмандарымыз әдетте мұражайдан көріп жүрген қол диірменді өз қолдарымен тартып көрді. Оларға диірменнің екі қыша тастың біріктіріліп, ортасындағы үңгісіне дән салынып, баппен жайлап ғана айналдыра отырып, ұнтақталатынын көрсеттік. Дайындалған ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, олардың жасалу жолымен қатар, адам денс аулығына тигізер пайдасымен де танысты. Мысалы айтар болсақ, түрлі дәндерден өндірілетін талқанда В, С дәрумендері көп болғандықтан оны сүтке шылап, жас нәрестеге берсе, иммунитеті көтеріліп, ағзасының дамуына көмектеседі. Ал, ашымық көже шөл басады және денсаулыққа оң әсерін тигізеді. Талқан ақуыздарға, майлар мен көмірсуларға бай болғандықтан, етке баламалы алмастырғыш ретінде де пайда ланылған. Ол асқазан, ішек жолдарын токсиндерден тазартады. Тары-талқанды күнделікті қолданған адам тоқ жүреді, ағзасы да сыртқы әсерден келер ауруларға төтеп бере алатын болады, – дейді кітапханадағы «Зере» әжелер клубының жетекшісі Жанат Ауелова.
Әжелер түрлі қуырылған дәндерді диірменге тарта отырып, халық әндерін шырқап, кіт апхананың жас оқырмандарына ұлттық тағамдар туралы мағыналы мағлұмат та берді. Балалар да көкейде туған сауалдарын қойып, әжелермен әдемі әңгіме құрды. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы тақырыпқа сай жасақталған «Қазақтың дастарханы» көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді