Алматы қаласының маңындағы Таңбалы шатқалы жартастарынан бүгінде археологтар «Күн адамы» атап кеткен ерекше сурет-бейне бар. Ресей ғалымдары сол петроглифтердің өзге ғаламшардан келгендерге тән екендігін айтады. Яғни ресейліктер әлгіндей ерекше сурет-таңбаларды жартаста қалдырған ежелгі түркі жұрты жатпланеталық келімсектермен тығыз байланыста болған деген пікірде. Олардың бұлай деп айтуы да бекер емес. Тарихи деректерге қарағанда, дәл осы таңбалар пайда болғаннан бастап түркі мәдениеті өркендей түскен көрінеді. Яғни олар сол кезден бастап темір рудаларын тауып, өндірумен айналысқан. Бертін келе ондай өндіріс бүкіл түркі жұртына кеңінен тараған. Демек, ресейліктер бұл тұрғыда қателесе қоймаған сияқты. Яғни олардың айтуынша, ежелгі түркілердің даму кезеңіне өтуіне келімсектердің тікелей қатысы бары рас болса керек. Расында да жартасқа таңбаланған петроглифтегі бейнеде адамның басы дөңгелек емес, доғалдау болып салынған. Сонымен қатар, Таңбалы таста ирек сызықтар да қашалып салыныпты. Уфологтар оны аспандағы Құс жолының бейнесі екендігін айтады. Соған қарағанда, ежелгі ата-бабаларымыз жеті қабат аспандағы Құс жолын сол кезде-ақ білген. Ежелгі халықтардың тасқа қашап қалдырған мұндай бейнелерін әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. Мысалы, Алтай өңірінде скафандр киген адамдар бейнесі жартастардан табылса, Орталық Америкада осыдан 1300 жыл бұрын Майя тайпасынан қалған, ұшып бара жатқан ғарыш кемесенің таңбасы бар екен. Сондай-ақ Тибет тауларындағы жартастардан 3000 жыл бұрын тасқа қашалып таңбаланған ұшатын табақшалар бейнесі табылған. Өткен жылы ақпан айында Үндістандағы ежелгі тайпалардың қоныстанған жерін зерттеп жүрген антрополог-ғалымдар да тау жартастарынан жатпланеталық келімсектер мен олардың кемелеріне ұқсайтын бейнелерді тапқан болатын. Осындай жұмбақ әрі ғажайып таңбаларды ит тұмсығы өтпейтін джунглидегі үңгірлерден де кездестіруге болады. Солардың бірінде үңгір қабырғасына ғарышкерге ұқсап скафандр киген гуманоидтар бейнеленіпті. Ал олардың қасында төмен қарай жарық түсіріп тұрған ұшатын табақша бейнесіндегі аппарат та анық таңбаланған. Осының бәрі сол замандарда-ақ өзге ғаламдықтар біздің планетамызға аяқ басқанын білдіріп тұр емес пе? Қырымда да украиналық уфологтар сенсациялық таңбаларды тапқан болатын. Чатыр-Даг деп аталатын таулы алқаптардың біріндегі үңгірден тайға басқан таңбадай анық түскен бейнелер беймәлім ұшатын нысандарға тән болған. «Суық үңгір» деп аталатын сол үңгірдегі таңбалар әлгіндей нысан мен оның айналасында билеп жүрген адамдарға ұқсайды. Кейіннен таңбаларды мұқият зерттеген ғалымдар ол адамдарды билеп емес, керісінше келімсектер кемесіне тізерлеп, бас ие табынып отырған деген шешімге келді.
Жоба жетекшісі: Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді