Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша жаңашылдықтар
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2024
- 855

Сонымен, мемлекеттік бақылауды әділет органдары тексеру субъектілеріне бару арқылы жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.
Әділет министрлігі Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарда, аумақтық әділет органдары – жергілікті атқарушы және өкілді органдарда, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.
Тексерулердің мақсаты – лауазымды адамның «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбау фактілерін анықтау және болғызбау. Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған не қолданысы тоқтатыла тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген не белгіленген тәртіппен жарияланбаған НҚА заңсыз қолдану фактілерін анықтау және алдын алу. Сондай-ақ, НҚА мемлекеттік тіркеу саласында сапаны қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Ұқсас жаңалықтар
Әп-әдемі саябақтың сәнін бұзып...
- Бүгін, 07:26
Әнұраным - айбыным, көк байрағым - байлығым!
- Бүгін, 07:20
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді