Жалпы өңір мұражайындағы кез келген экспонат құнды. Мәселен, ХІХ ғасырдың басынан сақталып келе жатқан суреттегі терілі кестенің 200 жылдық тарихы бар. Бұл ірі қара малдың терісін өңдеп, оған түрлі-түсті жіппен гүл дестелерін салып кестеленген жәдігер. Оның бетінде жапырақ пен гүлдердің суреттері бейнеленген.
– Музейге келушілер үшін әрбір жәдігердің тарихы қызықты. Екі ғасырлық жәдігерді музейге 2010 жылы Жамбыл ауданының тұрғыны Байзақ ауданына қонаққа келгенде сыйға берген. Тері кестенің ұзындығы – 30 сантиметр, ал ені 30 сантимер, – дейді Байзақ аудандық тарихи- өлкетану музейінің қор сақтаушысы Айдана Шотбасова.
Оның айтуынша, аудандық тарихи- өлкетану музейінде 3000-нан астам жәдігер бар. Әр жыл сайын толықтырылып отырады.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




