«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұялы байланыстың зардабын ұмытпайық

Ұялы байланыстың зардабын ұмытпайық
Ашық дереккөз
Бүгінде қоғамды ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Тіпті алыстағы ауылдардың өзінде байланыссыз үй кемде-кем.

Бүгінгі таңда ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда көпшілік оның зардабын елемеуге тырысады. Әрине, алақандай ұялы телефонның мүмкіндіктері өте көп. Қатерлісі – оның салдарынан иммундық жүйенің зардап шегуі. Қазір гаджеттердің зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Олардың айтуынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаятын көрінеді. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері осы сымсыз телефон екен.

Аталмыш байланыс құрылғысы шығаратын зиянды электромагниттік өрістердің әсерінен дененің иммундық жүйесі зардап шегеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ағзаның ауруларға және басқа да зиянды сыртқы әсерлерге төзімділігін төмендетуі мүмкін.

Гаджеттерге тәуелділікпен күресудің шешімін табу өте қиын мәселе болып отыр. Ғалымдар ұялы телефонның адам миына кері әсерін тәжірибе арқылы дәлелдеді. Сондай-ақ, ұялы телефонның адамның көру қабілетіне теріс әсерін атап өту керек.

Сондықтан қолжетімді, үнемі қалтамызда жүретін телефонның да зиянды жақтарын ескеріп, арнайы уақытпен пайдалануды ұмытпайық.

 

Сымбат ҚУАНЫШ,

Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептің түлегі.

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар