Оңтүстік Дания университетінің ғалымдары құрылымы кристалдан түзілген материалды синтездеді. Ол оттегін жоғары деңгейде шоғырландырады. Бұл өз кезегінде консервіленген оттегіні қажет жағдайда пайдалануға болады. Дені сау адам әр тыныс алған сайын оттегінің 21 пайызын тұтынады екен. Кейде сырқаты жанына батқан адамдарға бұдан да көбірек оттегі қажет болуы мүмкін. Мәселен, ауыр оттегі балонын өзімен бірге алып жүретін пациенттер үшін бұл жаңалықтың алар орны маңызды. Келешекте оттегіні сутектен ажырататын, күннен қуат алатын реверсивтік элемент пайда болуы мүмкін. Бұл материал өз кезегінде қоршаған ортадағы оттегіге қарағанда 160 есе оттегіні шоғырландыра алатын болады. Жиналған оттегі кристалда ұзақ уақыт бойы сақталады. Ондағы оттегі материалды жылытқан кезде немесе қысымын төмендеткен кезде бөлінетін болады. Оттегіні жинау жылдамдығы атмосферадағы ауаның құрамындағы оттегінің қаншалықты деңгейде болатындығына, қоршаған ортаның температурасына, қысымға және өзге де факторларға байланысты. Бұл материал тек пациенттерге ғана емес, сонымен бірге, сүңгушілер үшін де пайдалы.
Жоба жетекшісі: Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді