
Бұл игі іс аудандағы бұқаралық спортты ілгерілетуге бағытталып отыр. Осы орайда Жамбыл ауылының жастары бос уақытында пайдалы іспен айналысып, дене шынықтыру мүмкіндігіне ие болды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, спорт саласының қызметкерлері және ардагерлері, ауыл тұрғындары жиналды.
– Астана күні мерекесінің қарсаңында Жамбыл ауылында керемет іс-шараның куәсі болып отырмыз. Биыл аудан бойынша 11 елді мекенде осындай шағын футбол алаңын салу жоспарланды, соның біреуі Жамбыл ауылында ашылды. Баршаңызды о сы қуанышпен құттықтаймын. Осы ауылдан бетке ұстар спортшылар тәрбиеленсін, – деген Дамира Маратқызы сөз кезегін ауыл ақсақалы Шарапатдин Пахраддиновке берді. Ол аудан басшылығына және осы істің басы-қасында жүрген ауыл әкіміне алғысын айтып, ақ батасын берді.
Спорттық нысанның лентасы қиылып, дәстүрге сай шашу шашылған соң, ауыл балаларынан құрылған қос команда алғашқы ойын өткізді.
Нұржан ӘЛІШ
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Отыз ойыншымыз жартылай финалға жолдама алды
- 19 сәуір, 2025
Биыл өңірде 6 спорт нысаны ел игілігіне беріледі
- 15 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- Бүгін, 12:32
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді