Тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Жоспарлы жоба металлургия құрылысына арналған қара металды қайта балқыту, шаршы дайындамаларды өндіру және жұқа қаңылтыр мырышталған болат пен полимерлі болат өндірісіне негізделген зауыт салуды көздейді.
Жоба құны 50 миллиард теңгеден асады. Зауыт «Тараз» индустриялық аймағында салынады.
Жер учаскелері белгіленіп, тиісті құжаттарға қол қойылды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.
Басқосуда жоба жетекшісі Шавкат Махмудов та жоспарлы шаралармен таныстырды.
Кездесу барысында тараптар электр энергиясы, инженерлік-көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
Облыс әкімі инвесторға жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендіріп, экологиялық заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




