Шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінді
- author «Ақ жол»
- 17 маусым, 2024
- 890

Бұған дейін биыл 1 270,6 мың гектар алқапты өңдеуге республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінген болатын.
«Шегірткенің таралуының 11 жылдық циклінің шарықтау шегі 2023-2024 жылдары болғанына байланысты және 2024 жылға қарай шегірткелердің таралуының жаңартылған болжамы өсіп, 2,5 миллион гектарды құрады. Өткен жылғы көрсеткіштен бұл шамамен 1 миллион гектарға артық. Сондықтан Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бөлінді», - делінген ресми хабарламада.
Жауапты ведомствоның мәліметіне сүйенсек, отандық және шетелдік өндірушілердің фитосанитариялық мақсаттағы пестицидтерінің қажетті көлемі сатып алынған. Олардың ішінде шегірткелерге қарсы күресте өз тиімділігін көрсеткен препараттар: «Карат супер», «Тиаметрин», «Фипрон», «Эсперо», «Койра» бар.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай шегірткенің көп таралуы бұрынғы жылдары да болған. Мәселен, 2014 жылы 4,7 миллион гектар, 2000 жылы 8,1 миллион гектар өңделген.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді