
Мұхит бұл жобаны мемлекеттен алған қайтарымсыз грант арқылы іске асырған. Дегенмен, әзірге құрма сүтін өндіріп отырған ол кәсібін кеңейтуді жоспарлауда.
– Мен бір өніммен ғана тоқтап қалмаймын. Жақында тағы бір өнім түрін шығарғалы отырмын. Ол пальма құрмасының сүйегінен дайындалатын кофе. Қазір жасалу технологиясын дайындап жатырмын. Жақын арада кофемізді дүкен сөрелерінен көретін боласыздар. Ал өздеріңіз жақсы білетіндей, құрма онкологиялық ауруларға, туберкулезді емдеу кезінде қолданылады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша 10 түйір құрма адамды магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерімен қамтамасыз етеді – дейді Мұхит Ақтанбердіұлы.
Оның айтуынша, «QURMA SUTI» сусыны адам денсаулығына өте пайдалы. Бауыр, жүрек қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуі, иммунитет көтерілуі, жаңадан дамып келе жатқан жасөспірім үшін де таптырмас дәрумен. Мұрат Алматы қаласына барып, арнайы технологиясын жасатқанда құрма мен сиыр сүтінің пайдалылығын жаңа қырынан таныған. Осыдан бастап неге отандық сусын дайындамасқа деген ойға келіп, сол сәтте нарыққа шығаруды қолға алған.
– Сиыр сүтін өзім де, балаларым да жақсы көреді. Алғашында сүтке құрманы қосып ішіп көрдім. Дәмі ұнады. Балаларыма да бердім. Олар да дәмінің жақсы екенін айтқан соң «Неге сүт пен құрмадан сусын дайындамасқа?» деген ой келді. Өз бетімше шығындары мен пайдасын есептеп көрдім. Тиімділігіне көз жеткізгеннен кейін өз кәсібімді бастап кеттім. Бүгінде шағын цехта тәулігіне 400-800-ге дейін құты шығарамыз. Бір құтыда 500 грамм сүт болады. Тапсырыстың түсуіне қарай дүкендерге қазір өзім жеткізіп беріп жүрмін. Өнім 14 күнге дейін жарамды, – деді кәсіпкер.
Гүлнара БАЙБОСЫНОВА,
облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек мобильдігі» орталығының маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Тұтынушылар өз құқығын қаншалықты қорғай алады?
- 18 ақпан, 2025
Экономиканы әртараптандыру – ел дамуының қозғаушы күші
- 12 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді