Кездесуді ZOOM арқылы Алматыдан байланысқа шыққан Оқу-ағарту министрлігі тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова алғысөзімен бастады.
– Оқушыларды шығармашылыққа баулитын «Оқуға құштар мектеп» жобасы ең алдымен, «өмір бойы оқуға» қабілетті ұрпақ қалыптастыруға бағытталған. Алғаш рет Алматы қаласында тұсауы кесілді. Бұл жобаның жүйелі жүзеге асуына тек Оқу-ағарту министрлігі емес, Мәдениет және ақпарат министрлігі де мүдделі. Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы тіркеуінде тұрған балаларға арналған 29 басылым бар, – деді Меруерт Асқарбекқызы.
Аталған іс-шарада редакторлар балаларға арналған газет-журналдардың жас ұрпаққа берер тәрбиесі жайлы сөз етті. Олардың білім алу және даму үдерісінде маңызды рөл атқаратыны, өз ана тілін үйреніп, сөйлеу тілін дамытатыны ұлттық мәдени болмысымызды қалыптастыруда газет-журналдардың атқарар рөлі зор екені айтылды. Қазіргі уақытта кітапханадағы кітаптардың өзі баланың қызығушылығын арттыра алмайды. Кездесуге келген редакторлардың айтуынша, газет-журналдар кітапханада мүлдем сирек кездеседі, тіпті жоқ десек те болады. Сондықтан олар мұғалімдерге оқушыларды кітапханаға кіргізіп, бір уақыт арнайы газет-журналмен таныстырып, оқытып, жазу қабілетін жақсартуға күш салуды ұсынды.
Бүгінде оқушылар эссе жазуда бірқатар кемшіліктер жіберетіні айдан анық. Осының өзі олардың басылымдарды оқымайтынын, кітаптардың мазмұнын да түсінбейтінін көрсетеді. Әлеуметтік желідегі жазбалардан тек оқушылар емес, мұғалімдер де көп қате жіберетінін аңғаруға болады. Бұл тіпті ұстаздардың да басылымды көп оқымайтынын байқатады. Осыдан соң мұғалімдерге қарап бой түзейтін шәкірттерге не дей аламыз? Рас, ешкімді баспасөзге қинап жаздырмайды. Дегенмен, жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін педагогтер үнемі ізденісте болу керек. Ал ізденіске газет-журнал, кітап оқу үлкен көмегін тигізеді. Алайда, бірқатар мұғалімдер басылымға жазылудан да бас тартып жатады. Баспасөзге жазылуға мұғалімдердің өзі құлықсыз болса, балалар не болмақ? Бұл да осы басқосуда ортаға тасталған сауал.
Жиын қорытындысында аталған мәселелердің алдын алып, жастарымыздың ана тілінде емін-еркін сөйлеп, тіл мәдениетін сақтап, ойын еркін жеткізетін тұлға болып қалыптасуына бірлесіп еңбектену ұсынылды. «Болашақ – жастардың қолында» десек, олардың парасатты, ақылды, шығармашыл тұлға болуына баспасөздің тигізер әсері зор екенін ұмытпаған абзал.
Құрмет САРЫБАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті конвергентті журналистика мамандығының 2-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді