«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

БАҚ өкілдері арасындағы облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ жарияланды

БАҚ өкілдері арасындағы облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ жарияланды
Ашық дереккөз
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Мақсаты мен міндеті
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы қазақстан халқына Жолдауын орындау;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын насихаттау;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін жаппай дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнін мерекелеу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында облыстық команданы іріктеу.

 

  1. Спартакиаданың өткізілуіне басшылық ету

Жарыстың жалпы басшылығын Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ішкі саясат басқармасы жүргізеді.

Жарысты тікелей өткізу Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығына, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы өткізілген конкурста жеңімпаз атанған ұйымға және жарыстың бас төрешiсіне жүктеледi.

Облыстағы БАҚ-тарды хабардар ету және командаларды қатыстыру Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан.

 

  1. Спартакиаданың өтетін орны мен мерзімі

Өткізілетін мерзімі – 2024 жылдың 26 маусым күні Тараз қаласы, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайында өтеді.

Жарыстың салтанатты ашылуы 26 маусым, сағат 10.00-де.

Мандат комиссиясы отырысы 25 маусым күні сағат 17.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне 10 спортшы арнайы біркелкі спорттық киімде қатыстырылуы қажет.

Сонымен қатар спорт түрлеріне қарай спортшылар біркелкі спорттық киімде болуы тиіс.

 

  1. Спартакиаданы өткізу шарты

Жарысқа бұқаралық ақпарат мекемелерінің тапсырыстары бойынша құрама командалар қатысады.

Сонымен қатар, бір спортшының барлық спорт түріне қатысуына рұқсат етіледі.

Спартакиадаға тек бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 3 ай жұмыс атқаратын қызметкерлері ғана қатыстырылады.

Командалар құрамынан бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс атқаратын қызметкерлері емес спортшылар анықталған жағдайда команда толықтай жарыстан шеттетілетіні қатаң ескертіледі.

Барлық жарысқа қатысушылардың дәрігерлік рұқсаты, жеке куәлігі (көшірме жарамсыз) жұмысқа қабылданған бұйрығының расталған көшірмесі және қатысушының осы мекемеден соңғы 3 айдағы зейнетақы қорына аударымы туралы Egov немесе БЖЗҚ алынған растайтын құжаты болуы қажет.

Жарысқа қатысушы спортшылардың баруы мен қайтуына, жарыстың өту барысында, олардың өмір қауіпсіздігіне, денсаулығына және тамақтануына тікелей команда жетекшілері жауапты.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша:

  1. Спорт түрлері бойынша жекелей орындар анықталады.
  2. Жалпыкомандалық орындар анықталады. Жалпыкомандалық орындар 6 спорт түрінен (ерлер, әйелдер бөлек) қатысу нәтижелерінде  жиналған ұпайлардың ең көп сомасы бойынша анықталады. Спорт түрлерінен спортшылар қатыспаған жағдайда аталған спорт түрінен командаға «0» ұпай беріледі.

 

Егер, екі немесе одан көп командалардың ұпай саны бірдей болған жағдайда кіші футбол спорт түрі бойынша алған орындарына қарай басымдық беріледі. Бұл жағдайда да командалар тең түссе басымдық арқан тарту спорт түрiнен алған орындарына қарай анықталады.

 

Кіші футбол, арқан тарту және эстафеталық жарыс спорт түрлері бойынша ұпай есептеу кестесі

Орын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұпай

20

18

16

14

12

10

8

6

4

2

Жеке спорт түрлері бойынша ұпай есептеу

Орын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұпай

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

 

6.Спартакиаданың бағдарламасы және командалар құрамы

Спорт

түрлері

Қатысушылар

Барлығы

Ерлер

Әйелдер

өкілі

  1.  

Кіші футбол

10

 

1

11

  1.  

Үстел теннисі

1

1

 

2

  1.  

Дойбы

1

1

 

2

  1.  

Қол күресі

1

1

 

2

  1.  

Арқан тарту

3

2

1

6

  1.  

Эстафеталық жарыс 4х100м

2

2

 

4

Барлығы

18

7

2

27

 

КІШІ ФУТБОЛ

Командалық жарыс. Команда құрамы – 10 спортшы, 1 өкіл. Бір мезгілдегі алаңдағы ойыншылар саны 4+1 адам. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

Ерлер және әйелдер арасында жекелей жарыстар. Команда құрамы – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыстың өткізілу шарттары төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

ДОЙБЫ

Ерлер және әйелдер арасында жекелей жарыстар. Команда құрамы – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.

ҚОЛ КҮРЕСІ

Ерлер және әйелдер арасында жекелей жарыстар. Команда құрамы – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыс абсолюттік салмақ дәрежесінде қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.

АРҚАН ТАРТУ

Командалық жарыс. Команда құрамы – 5 спортшы (3 ер, 2 әйел), 1 өкіл. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.

ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС 4х100м

Командалық жарыс. Команда құрамы – 4 спортшы (2 ер, 2 әйел). Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.

 

Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығының басшы орынбасары, спартакиаданың Бас төрешісі Айнакеев Шыңғысхан,       

тел: 8 (7262) 54-06-4l, 8 747 815 65 52.

Ұқсас жаңалықтар