Жыл басынан бері жамбылдық спортшылар 683 медальға қол жеткізді
- author «Ақ жол»
- 31 мамыр, 2024
- 1.6k

Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 655 медальға ие болса, жыл басынан бері жамбылдық жампоздар облыс қоржынын 683 медальға толықтырды. Оның ішінде: 223 алтын, 180 күміс, 280 қола медаль.
Брифинг барысында басқарма өкілі биылғы «Париж – 2024» жазғы олимпиада және Паралимпиада ойындарында жамбылдық спортшылардан үлкен нәтиже күтетінін де тілге тиек етті.
– Облысымыздан Жазғы олимпиада және Паралимпиада ойындарына 6 спорт түрінен 6 спортшы лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында бессайыс спорт түрінен Георгий Борода-Дудочкин, бокстан Асланбек Шымбергенов, еркін күрестен Әлішер Ерғали, дзюдодан Данияр Шамшаев, пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали және пара таеквондодан Өмірәлі Нышан бар.
Сонымен қатар әлі де лицензия алуға 4 спорт түрінен үміткер 5 спортшымыз бар. Атап айтқанда, дзюдодан Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев, пара жүзуден Зульфия Габидуллина, пара пауэрлифтингтен Ерболат Кәрібай және пара жеңіл атлетикаладан Салтанат Әбілқазымқызы. Аталған спортшылар халықаралық рейтингілік жарыстарға қатысып, қоржындарына ұпайларын жинақтауда. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан рейтинг бойынша жолдама алған спортшылардың тізімін жариялайтын болады, - деді Ернар Таласбекұлы
Айта кетейік, 2024 жылы облыстың спорт саласының ағымдағы шығындарына 15,0 миллиард теңге қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді