Облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығы 1998 жылдың 16 сәуірінде ашылған болатын. Содан бері шалғай ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасындағы балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жүкті әйелдерге емдік көмек көрсету міндетін мінсіз атқарып келеді. 2021 жылдың сәуір айында облыс әкімдігінің №72 шешімі бойынша «Жамбыл облыстық оңалту орталығы» болып қайта құрылды. Оңалту орталығының ғимараты Тараз қаласының жасыл желекті, ауасы жанға шипа Талас өзенінің бойында орналасқан. Онда демалыс саябағы, ойын алаңшалары, концерттік қойылымдар, киелі Тектұрмас кешеніне саяхаттар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Емделушілерге координатор дәрігер, физиотерапевт, невролог, кардиолог, балалар дәрігері мен басқа да білікті мамандар қалтқысыз қызмет етеді. Әр палатада екі емделушіге арналған жайлы төсек орын, ыстық су бар. Емделу уақыты 14-19 күнге дейін жалғасады. Мұнда емделу мүмкіндігі облыс аумағындағы жергілікті емхана меңгерушілерінің жолдамалары арқылы беріледі. Емдеу шаралары тегін жүргізілетінін де ерекше атап өту керек. Әрбір емделуші алты мезгіл тамақпен қамтылады. Дәрігерлік көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту, яғни аталған үш бөлімде бірінші балаларды, екінші ересектерді оңалту, үшінші физиотерапиялық емдеу шаралары жүзеге асырылады.
Орталықта былтыр бір жылдың өзінде 2559, оның ішінде 1440 бала, 1419 ересек адам емделіп шыққан. Мұнда жоғары санатты реабилитолог мамандар жұмыс істейді. Олар Астана қаласында, Литва республикасының Каунас қаласында және Ұлыбританияда тәжірибе шыңдап, шетелде алған білімдері өңір тұрғындарының игілігіне айналуда. Осылайша мамандар әр ауданнан келген емделушілердің ыстық ықыласына бөленуде.
Мамандардың жанкешті еңбектеріне алғысымызды білдіре отырып, оларға зор денсаулық, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Бейбіт БАЙСАРИЕВ,
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпті дерттің алдын алу маңызды
- 2 желтоқсан, 2024
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді