Жиында алғаш болып сөз алған Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов облыстық «Еңбек туы» (бүгінгі «Aq jol») газетіне жиырма жылдан астам басшы болған ұстазын еске ала отырып: «Біз Баттал ағаның кейбір талапшылдығын шектен шыққандық деп ойлаушы едік. Кейіннен өзім аудандық газетке бас редактор болғанда ол кісінің жағдайын түсіндім. Өзім де қызметкерлеріме сол талаптың бірқатар элементтерін қолдандым. Ұстазымыз бізді дұрыс тәрбиелеген екен», – деді. Қазақстанның Құрметті журналисі Бекет Момынқұл облыс журналистерінің атасына айналған тұлға жайлы толғана сөйлеп, ардагердің спортқа бейім болғанын, бильярд ойынының нағыз шебері болғанын атап өтті. Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Көсемәлі Сәттібайұлы өз сөзінде Баттал Жаңабайұлының өте әділ болғанына, ұзақ жыл газетті басқарғанда тамыр-танысына бұру дегенге аттап баспағанына, қызметін өткізгеннен кейін де бекзат болмысын сақтағанына, ол кісі басқарған жылдары «Aq jol» газетінің («Еңбек туы» ) 50 жылдығына орай «Құрмет» орденімен марапатталғанына тоқталды. Баттал Жаңабайұлы бас редактор болған жылдарында аталған газетке қазаққа кеңінен танылған Өкім Жайлауов, Күләш Ахметова, Әбдірахман Асылбеков, Тынышбай Рахым секілді тұлғалардың алғашқы өлеңдері басылып, тұсауы кесіліпті.
Аталған жиында Тараз қалалық Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков журналистердің атасы Баттал ақсақалмен көрші тұрғанын айтып, оның көршілермен жасаған ізгі қарым-қатынасы туралы ойларын ортаға салды.
Бұл еске алу кешінен кітапхана қызметкерлері мен бірқатар колледж студенттері ерекше әсер алғаны анық. Жиырма жыл бойы газет басқарып, барша облыс тұрғындарына сөзі жеткен журналистика ардагерінің рухына деген құрмет алдағы уақытта да жалғаса береді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді