Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларға бюджеттен 17,3 миллиард теңге бөлінген.
Биыл аталған жоба бойынша 2 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 10 мәдениет және 8 спорт нысанының құрылысы жүргізіледі. 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету жобалары көзделген.
198 шақырым ауылішілік көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Айта кетейік, өткен 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 15,8 миллиард теңге қаралып, 103 ауылдық елді мекенде 300-ден аса инженерлік-инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды.
Нәтижесінде 8 дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің, 2 дәрігерлік амбулаторияның, 6 мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, 1 спорт, 1 денсаулық сақтау және 1 білім беру нысанының қазандығы қайта жаңғыртудан өтті.
Сонымен қатар, 2 білім, 1 денсаулық сақтау, 3 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді.
298 шақырым ауылішілік көшелер орташа жөндеуден өткізілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Аймақ абыройын асқақтатқан жампоздар
- 7 қаңтар, 2025
Жуалыда жаңа спорт кешені ашылды
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді