Бюджет қаражатын құмар ойынға құртқан бухгалтерге сот үкімі шықты
- author «Ақ жол»
- 27 мамыр, 2024
- 1.7k
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, есепші мемлекет қазынасынан 7 миллион теңгені қолды еткен. Ол бұл әккі әрекетін іске асыру үшін мекеме басшысының ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданған.
Қаратөбе аудандық соты өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салғаны үшін есепшіні 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.
«Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Келген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл
- 5 наурыз, 2026
Сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




