Талас аудандық тарихи- өлкетану музейі жүздеген құнды жәдігерге толы. Соның бірі – Ресейдің Тула қаласынан әкелінген үлкен самаурын. Аталған қаладағы «Фамин» зауытынан шыққан самаурын 124 жылдан бері сақталып келеді екен.
Бұл жәдігерді Қаратаудағы аудандық музейге өткізген белгілі айтыс ақыны Шорабек Айдаров. Кезінде Ақкөл ауылы аудан орталығы болып тұрған кезде аудандық музейдің құнды жәдігері саналған самаурынға таластықтар талай тамсанған.
Бұл туралы аталған тарихи - өлкетану музейінің директоры Ербол Қашаған: «Бұл самаурын – ерекше жәдігер. Қазақ халқы үшін самаурынның қасиеті ерекше ғой. Сондықтан болар, бұл жәдігерді тамашалауға келетіндер өте көп. Тәулігіне оншақты кісі тамашалап, құндылығына көңіл аударып кетеді. Біздегі құнды жәдігердің бірі осы», – дейді.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




