Жаңалықтар
Қазақстанның Еңбек Ері, жамбылдық Ілия Жақанов - 88 жаста
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2024
- 1.0k
Қазақстанның Еңбек Ері, жамбылдық Ілия Жақанов - 88 жаста
Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші Илья Жақанов 88-ші көктемін қарсы алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ілия Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында, Ақтоғай аулында дүниеге келген. Ол Жамбыл облысы, Сарысу ауданының, Атырау облысы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы.
Ел ішінде композитордың «Алматы кешінде», «Асылым», «Жайлаукөл кештері» әндері кеңінен танымал.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Менің Жарлығыммен еліміздің ең жоғары атағы аса құрметті композитор, жазушы, өнертанушы Илья Жақановқа беріледі. Илья Жақанов қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы. Оның әуезді әндері, әдеби туындылары және зерделі зерттеулері ұлт руханиятына қосылған құнды қазына. Ол халқымыздың рухани байлығын еселеп, ұлттық музыка өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстанның еңбек ері атанды», – деп, жерлесімізге үлкен баға берген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Көне шаһар көркейіп келеді
- Бүгін, 02:28
Өркениеттер тоғысындағы Талас: Тарих, таным, тағылым
- Бүгін, 02:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




