- Advertisement -

Қыздар, қыздар…

1 541

- Advertisement -

Лирикалық, вальс екпінінде жазылған ән. Майда, нәзік үнмен айтуды қажет етеді. Мұндағы ең негізгі назар аударатын нәрсе – әнді дауыс бояуының өзіндік ерекшелігі бар, әсем үнді әнші айтуы тиіс. Демді үнемдей пайдалануға дағдыланған жөн. Әнді орындағанда, оның мәнерлілігін сақтау үшін ауызды жинақтай ашып, дауысқа салмақ салмай бір қалыпты шығаруға талаптану қажет. Орындалуы қиын орфоэпиялық тұстар: 1-бастаудағы «ізгі ары», «бізге әлі» сөз тіркестеріндегі «і», «е» дыбыстары әуенмен қосылып айтқанда түсіп қалып, «бізг (е) әлі», «ізг (і) ары» болып айтылады.

Мәдениет бөлімі.

Әні: Гүлнұр Өмірбаеваныкі
Сөзі: Сайлаубай Тойлыбаевтыкі

Аурулардың махаббаты, ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін, қандай қазағымның қыздары.

Қайырмасы

Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар!
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!

Самал желпіп, маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.

Қайырмасы

Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден нәр алған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.

Қайырмасы

3

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support