Руханият сәулесі
«Тәрбие – талбесіктен» демекші, әр оқушының бойындағы талантты ашу аса өзекті. Кейде дарынды балалардың мықты ұстазға кездесуі олардың мүмкіндіктеріне жол ашады. Бүгінде облыстық «Анаға тағзым» орталығынан ашылған, әдебиетші ұстаз Сейсекүл Исматова басқаратын «Ана тілі» әдебиет, шешендік өнер үйірмесі талай талапты жасты тәрбиелеп келеді. Үйірменің ашылғанына алдағы қарашада үш жыл толады. Ол кезде жетінші сынып оқитын оқушылар қазір тоғызыншы сыныпты тәмамдауға жақын. Олар Тараз қаласындағы №5 мектеп- гимназиясының және №53, №26 орта мектептің оқушылары екен. Әуелі оқушылар кітап оқуды шағын ертегі, әңгімелерден бастаса, қазір повесть, романдарды оқуға қызығушылық таныта бастаған. «Анаға тағзым» орталығында өткен іс-шарада аталған үйірме мүшелері жазушы Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесін жан-жақты талдап, шығармаға қатысты өздерінің ойларын айтты. Оқушы Аянат Берқиястың, Жанель Шаймаханның, Мөлдір Нұрахметтің кітапқа құштарлықтары ерекше. Ал, ынталы шәкірттер Мерей Мейрамбек, Анель Құрбанәлінің зеректігі де көңіл қуантады.
Аталған іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев, аталған университеттің аға оқытушысы Бақытжан Мақашев с арапшы ретінде қатысты. Кездесуде оқушылар ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық ұғымдары турасында, жазушы Төлен Әбдіктің ойлары турасында келушілерге түрлі сұрақтар қойды. «Анаға тағзым» орталығы директорының орынбасары Баян Мұртазаева да іс-шараға қатысып, өз пікірін білдірді.
Аталған үйірме мүшелері іс- шарада «Піл мен маймыл» атты ертегіні сахналады. Оқушылардан құралған «Қуыршақ» театры бірнеше ертегілерді өзге мектептерге, мәдени орындарға барып сахналап жүр екен. «Бұл шәкірттермен жұмыс істеп келе жатқаныма үшінші жыл. Әуелі шағын ертегі, әңгіме кітаптарды оқытып жүрдім. Ойлары пісіп, өрелері өскен уақытта Төлен Әбдіктің «Парасат майданын» оқуға, талдауға әдейі ұсынып отырмын. Бұл шығарманы оқушы түгілі үлкендер ауыр қабылдайды. Дегенмен, шәкірттерім аталған пове сті екі-үш қайтара оқу арқылы жақсы талдауға, келген сарапшыларға ерекше сұрақтар қоюға, ерекше ойлауға күш салды. Мені осы жағы қуантты», – деді Сейсекүл Исматова.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді