- Advertisement -

Үлгілі отбасының өнегесі дәріптелді

210

- Advertisement -

Бүгін, 17 наурыз Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні.

Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет аға капитаны Әмина Масатбай Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында әріптесі, режим бөлімшесінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы әділет сержанты Асыл Оразбаевтың шаңырағына барып қайтты.

Жылы жүздесуде «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар дәріптелетін шақ екені баса айтылып, тату-тәтті жанұяның бірлігі мен берекесі көпке үлгі екені жеткізілді.

Атап өтейік, Асыл Қанатұлы 5 ұл-қыздың әкесі. Бүгінгі таңда сүйген жарының алтыншы перзентке аяғы ауыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support