Спорт және туризм
Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшы Олимпиада медаліне таласады
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2024
- 919
Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшы Олимпиада медаліне таласады
Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар бір Олимпиадада екі салмақта ел намысын қорғайды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде 80 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай мен 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай екеуі бір үйдің баласы. Нақтырақ айтсам, екеуі бір құрсақты тепкілеп бірге туған егіз боксшылар. Міне, екеуі де ұлттық құрама сапында жаттығып, лицензиялық турнирге бірге барды. Екеуі де жолдамаға қол жеткізді. Осылайша қазақ бокс тарихында тұңғыш рет егіз боксшылар Олимпиадада ел намысын қорғамақ», - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.Еске сала кетсек, Айбек Оралбай ширек финалда АҚШ боксшысы Джамар Тэллиді ұтып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алса, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта ел намысын қорғап, ширек финалда Ирландия боксшысы Келин Кассидиді 3:2 есебімен тізе бүктірді. Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан алты боксшы аттанып, оның бесеуі Олимпиада жолдамасына ие болды. Фото коллаж: Kazinform/olympic.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл
- 5 желтоқсан, 2024
Бес жерлесіміз Тайландта жұдырықтасады
- 5 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді