- Advertisement -

Келіні қайын атасын ұрған

40

- Advertisement -

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны жанжал кезінде қайын атасын ұрып-соққаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (ұрып-соғу) туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігі бойынша істі Меркі аудандық соты қарады.

Сот биыл ақпан айында Меркі ауылында келіні мен жәбірленуші Е. арасында жанжал болғанын анықтады. Нәтижесінде әйел қайын атасының басынан ұрған. Алайда, бұл ер адамның денсаулығына зиян тигізбеген.

Сотта әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Өз кезегінде оның қайын атасы болған оқиғаны растады, бірақ қандай да бір шағым жасаудан бас тартты.

Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, ескерту түрінде әкімшілік жаза алды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support