- Advertisement -

Жамбыл облысының тұрғыны алаяқтық жасап, азаматтарды алдаған

19

- Advertisement -

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттерге қатысты күдіктелген әйелді анықтады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше жергілікті тұрғын полицияға шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, бір әйел азаматша алдау жолымен және сенімге кіру арқылы қолданыстағы несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Тергеу барысында күдікті әйелдің ауыл тұрғындары арасында қарыз алушылардың барлық несиелерін жабуға көмектесе алатындығы туралы ақпарат таратқаны анықталды.
Қолма-қол ақшаны алып, ол бірнеше клиенттің банктер мен несиелік мекемелер алдындағы негізгі қарызын жауып тастаған, келесі айларда әйел басқа адамдардың несиелерін төлемей, қарыз алушылардың ақшасын жеке қажеттіліктері үшін пайдаланған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның өңір аумағында осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қолданыстағы заңнаманы айналып өту жолдарын іздемей, оның талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Барлық қызметтерді ресми өкілдер арқылы алу қажет. Өйткені заңды рәсімдерді айналып өтуді көздейтін мұндай шалыс қадам жасаған жағдайда екі тарап үшін де жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support