- Advertisement -

Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді

29

- Advertisement -

Полиция қызметкерлері кешенді жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізу арнасын жолға қойған тұрақты қылмыстық топқа тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, құрықтау операциясын бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында іске асырды. Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.

– Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 кг марихуана мен 15 кг гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support