Ербол Қарашөкеев күрес түрлерінен облыстық құраманың спортшыларын марапаттады
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2024
- 598
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем, сондай-ақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңісімен құттықтады.
Тирана қаласында (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде жамбылдық палуан Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, елімізге әлем чемпионатының ең алғашқы алтынын алып келді.
Сондай-ақ, осы жылдың 1-5 ақпан аралығында Астана қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты өткен болатын. Аталған бәсекеде Жамбыл облысының спортшылары жалпы командалық есепте өзгелерден озық шықты. Облыс құрама командасы грек-рим күресінен - 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль, еркін күрестен - 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді. Айта кетейік, Жамбыл облысы өткен жылы күрес түрлері бойынша Қазақстанның VI Жазғы Спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленген болатын.
Ел чемпионатының жеңімпаздары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынасатын болады. Сәуір айында Бішкек қаласында өтетін іріктеу турнирінде күрес түрінен лицензиялар сарапқа салынады.
Облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңісімен құттықтап, оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.
Мұнан соң, спортшыларға ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша күрес федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев пен спорт ардагері Ақан Бекназаров аталған спорт түрлерін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аймақ басшысы бірқатар мәселелер бойынша спорт басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді