- Advertisement -

Жамбыл облысында ер адам қымбат джип пен ақша ұрлаған

78

- Advertisement -

Жамбыл облысының Жуалы ауданында полицейлер қымбат джип пен қомақты ақшаны ұрлаған күдіктіні ұстады.

Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай қолға түсірген. Күдікті Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінен Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мен оның салонында жатқан 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған.

Қазір осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласынан табылған. Ол 34 жастағы азамат болып шықты. Ер адам ақшаны алып, көлікті шағын аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support