- Advertisement -

«Қақпа алдында кездесу»

66

- Advertisement -

Жасыратыны жоқ, біздің қоғам темір тордың арғы жағында жазасын өтеп келген азаматтарды бірден қабылдай қоймайды. Оның үстіне, әлеуметтік қабілетінен айырылған сотты болған азаматтар қайта қылмыс жасауға бейім келеді.

Осы орайда, оларды әлеуметтендірудің маңызы зор. Бұл ретте мемлекет тарапынан «Қақпа алдында кездесу» жобасы іске қосылған.

Аталған жоба аясында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен 13 азамат еркіндікке жолдама алды. Атап айтқанда, жазасын өтеп шыққандардың 2-уі қазақстандық, 10-ы Пәкістан және 1-уі азамат Қырғыз елінің азаматы.

Әлеуметтік іс-шара барысында бостандыққа шыққан жазасын өтеушілерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау қажеттігі қатаң ескертілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support