Жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер терроризм туралы жалған ақпарат жазаға әкелетiнiн ескертеді
- author «Ақ жол»
- 15 ақпан, 2024
- 678
Жамбылдық полицейлер терроризм туралы жалған ақпарат жазаға әкелетiнiн ескертеді
Терроризм актiсi туралы жалған ақпарат беру - бұл, ең алдымен заң бұзушылық болуымен қатар, қоғам тыныштығын бұзу болып саналады. Нәтижесiнде тұрғындарда үрей, қорқыныш туындап, залалсыздандыру, анықтау үшiн тиiстi құтқару қызметтерiнiң қаншама күшi мен уақытына зиян келтiредi. Мұндай хабарлама жасаушылар қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын түсiне бермейдi.
2023 жылы облыс аумағында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшiн 2 қылмыстық iс қозғалды. Меркі ауданы аумағындағы гимназия мектебінде жарылғыш зат орналасқаны туралы хабарлаған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нiң 273-бабы бойынша сот шешімімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгiлендi. Ал екiншi қылмыстық іс шеңберінде 2 кәмелет жасқа толмағанға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментi азаматтарға жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын және анонимді қоңырау шалып жалған хабар берген адамның тез арада анықталатынын ескертедi.
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




