«Қақпа алдында кездесу»

«Қақпа алдында кездесу»
ашық дереккөз
«Қақпа алдында кездесу»
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында 9 жазасын өтеуші бостандыққа жолдама алды. Атап айтқанда, олардың 5-уі Пәкістан Республикасының азаматы болса, 4-уі қазақстандықтар. Еркіндікке шыққан жазасын өтеушілерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау қажеттігі қатаң ескертілді. Айта кетейік, Пәкістан елінің азаматтары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 392 бабы 1 бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Ұқсас жаңалықтар