Қош бол, көкем (Баттал Жаңабайұлына)

Қош бол, көкем (Баттал Жаңабайұлына)
ашық дереккөз
Қош бол, көкем (Баттал Жаңабайұлына)
Тұрмыз міне, ауыр жайға кезігіп, Көке, кете бардыңыз ба көз іліп. Қайғырып тұр қара ормандай ел-жұртың, Қадірің мен қасиетіңді сезініп.   Сөйледіңіз сөздің нәрін пісіріп, Талай шәкірт шықты сізден ысылып. Өкінбедік аз жасады деп сізді, Кеткеніне өкінемін кісілік.   Жылы сөзбен бәрімізді бір мәз ғып, Әрбір сәтті жүрдіңіз-ау шын жаз ғып. Өкінбейміз аз жасады деп сізді, Өкінеміз кеткеніне сырбаздық.   Ішіңізге асыл ойлар көп тұнып, Жүрдіңіз-ау, төңіректі шат қылып. Өкінеміз сізбен бірге кетті деп, Асыл мінез, бекзадалық, тектілік!   Қимас ел жұрт келіп жатыр жан-жақтан, Бәрі сізге дұға тілеп, толғатқан. Асыл көке пейіште нұрың шалқысын, Жаратушы орын бергей Жаннәттан!  

Есет ДОСАЛЫ,

ақын.

Ұқсас жаңалықтар