Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай, Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Айбек Ниязбеков пен оның орынбасары, әділет капитаны Шолпан Акзымалиева Байзақ ауданындағы №4 мектепке арнайы барып, 11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге шақырды.
Айта кетейік, генерал-лейтенант (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты) Шырақбек Қабылбаев еліміздің екі рет Ішкі істер министрі болған мемлекет және қоғам қайраткері. Ендеше, оның өмірі мен қызметі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі.
Ұқсас жаңалықтар
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
- 16 мамыр, 2024
«Қақпа алдында кездесу»
- 1 сәуір, 2024
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді