Жазасын өтеушілер мешіт имамымен кездесті

Жазасын өтеушілер мешіт имамымен кездесті
ашық дереккөз
Жазасын өтеушілер мешіт имамымен кездесті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «Хамра құл» мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов осында жазасын өтейтін бірқатар сотталған азаматтармен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру. Шара барысында дін өкілі сотталған азаматтарға рухани құндылықтарға баса назар аудару қажеттігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты осы саланың білікті мамандарынан сұрау және кез келген діни ақпаратты интернеттен оқу кезінде сақ болуға шақырды. Кездесу соңында жазасын өтеушілер көкейлерінде сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар