Қырғыз республикасының астанасы Бішкек шаһарында шағын футболдан Ассамблея кубогы сарапқа салынды. Аталмыш турнирге түрлі ұлт өкілдерінен тұратын он екі команда қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұл додада бақ сынаған «Алаш» командасының ойыншылары жасындай жарқырап, барлық кездесуде қарсыластарынан басым түсті. Ақтық сынға алқынбай шыққан біздің жігіттер «Алаш» командасы ұйғыр ұлтының өкілдері топтасқан «Иттикак» командасын 6:3 есебімен ойсырата жеңіп, тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. Оларға Қырғызстан Халық Ассамблеясының арнайы кубогы, ақшалай сыйлық табысталды. Ал турнирдің үздік қақпашысы болып, «Алаштың» қақпасын сәтті күзеткен Қайрат Сәрсенбаев танылды. Осылайша, біздің команда жарқын жеңіске жете білді. Додаға қырғыз елінің «Манас», дүнген ұлтының «Алекс», әзірбайжандықтардың «Азери» секілді мықты командалары да қатысып, жарыс көрігін қыздырып бақты. Алайда, «Алаш» командасы өздерінің комбинацияларының, арнайы дайындықтарының, физикалық қуаттарының мықты екенін алаңда дәлелдеді.
Нариман Шалбаев,
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




