Жемісті, жеңісті жыл болды
Халқымыздың не нәрсені болмасын тез игеріп, үйреніп кететін қасиеті бар. Бұл – қазақ халқының әмбебаптығының көрінісі десек те, оның қауіпті тұсы – ұлттық мәдениет пен құндылықтарымыздың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан да қай кезеңде, қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы екендігін ұмытпаған жөн. Уақыт өтіп, заман құбылса да, әрбір ұлт үшін оның құндылықтары құбылмағаны маңызды. Сол себепті де халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшеміне айналған мәдениетіміздің өсіп-өркендеуі үшін үздіксіз қызмет ету үлкен рөл атқарады. Өңірдегі мәдениет, архив саласының дамуы өз қарқынын жоға лтқан жоқ. Биыл да басқарма тарапынан жоспарланған шаралар мен көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізіліп, мәдениет, архив саласында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту жұмыстары да қарқынды жүзеге асуда. Атап айтқанда, биыл 1,4 миллиард теңгеге 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 6 нысанның құрылысы аяқталды (Байзақ ауданы Тегістік, Қордай ауданы Қарасу ауылы, Меркі ауданы Мыңқазан және Ойтал ауылдары, Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында әрқайсысы 90 орындық мәдениет үйлері және Қордай ауылында аудандық архив).
Жыл соңына дейін 4 мәдениет нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Олар Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы мәдениет үйіне жапсарлас ғимарат, Қордай ауданындағы Бетқайнар және Қақпатас ауылдарында әрқайсысы 180 орындық мәдениет үйлері. Сондай- ақ, 30 мәдениет нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 641,5 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде жоспарға сәйкес, Байзақ ауданы Көктал ауылында, Меркі ауданы Ақермен ауылында, Сарысу ауданы Өндіріс ауылында мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 26 нысанның 20-сы аяқталды. Шығармашылық бағыттағы жұмыстарға тоқталатын болсақ, бүгінгі күні облыста 197 мәдениет үйі мен клубтар тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді.
Клуб мекемелерінің 170-і типтік ғимаратта орналасса, 27 клуб ыңғайластырылған ғимаратта жұмыс атқарады. Облыс көлемінде 886 үйірмеге 10 897 адам тартылған. Оның ішінде балаларға арналған 614 үйірмеге 7 832 бала қатысады. Саладағы жағымды жаңалықтардың бірі – биыл ауылдық клубтарға қосымша 98 «үйірме жетекшісі» штат бірлігі беріліп, 104 маман қабылданды. Нәтижесінде, жаңадан 163 үйірме ашылып, 2086 қатысушы қамтылды.
Сан өнердің басын бір арнаға тоғыстырған театр, филармония және музейлердің де жыл ішінде атқарған істері аз емес. Облыстағы театрлар репертуарын толықтыру мақсатында жыл басынан бері 7 жаңа қойылым сахналады және аудандарға, Түркістан, Талдықорған, Шымкент қалаларына гастрольдік іссапарлармен барып қайтты.
А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры Қырғыз Республикасында өткізілген II «ТОО театрлары» фестиваліне, Румынияда өткен Халықаралық театр фестиваліне, Түркістанда өткен Халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысып, қаржылай жүлдемен оралды. Облыстық орыс драма театры Ресей Федерациясының Пенза қаласында өткен «Золотая провинция» атты театр фестиваліне қатысып, дипломант атанды. 8-10 қарашада А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры мен облыстық орыс драма театры Түркістанда өткен «RAYIMBEK» атты республикалық театр фестиваліне қатысып, қазақ театры «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», орыс театры «Үздік режиссерлық шешім» номинацияларын иеленді.
Филармония тарапынан аудандарға, Шымкент қаласына, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарына гастрольдік концерттер ұйымдастырылды. Жыл ішінде облыстық филармонияның «Алатау» фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі әншілері Австрияда өткен дәстүрлі фестивальге қатысты.
Қырғызстанда өткен «Мейкин Азия-2023» халықаралық әншілер конкурсында филармония әншісі Айна Қалмағамбетова бас жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін өткен аталмыш конкурста бас жүлдеге әйгілі өнер иесі Димаш Құдайберген ие болған болатын.
«Ақкербез» би ансамблі қазан айында өткен Үндістандағы халықаралық би және музыка фестиваліне қатысты. Сондай-ақ, қазан айында облыстық филармонияның өнерпаздары Қазақстанның Мароккодағы елшілігі Республика күніне орай ұйымдастырған концертте өнер көрсетті.
15 желтоқсан күні өнер ұжымы «Филармония тартуы» тақырыбында есеп беру концертін беріп, осылайша жылды жағымды қорытындылау жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда облыс бойынша 19 музей бар. Оның ішінде облыстық мәдениет басқармасына қарасты 5 музей болса, облыстық тарихи-өлкетану музейінің 4 аудандық (Жуалы аудандық Б.Момышұлы музейі, Шу аудандық музейі, Т.Рысқұлов ауданық музейі, Сарысу аудандық музейі) және 5 қалалық филиалдары мен бөлімдері бар. Қалған музейлер жергілікті аудан әкімдігіне қарасты. Музейлердегі 116 мыңнан аса экспонатты 33 310 адам тамашалап, 1 916 экскурсия, түрлі тақырыптарда 365 көрме ұйымдастырылды.
Біздің басқарманың жұмысы ән-би, ойын-сауықпен ғана шектелмейтіні белгілі. Архив, кино, кітапхана, қызметкерлері де о сы с а ланың көкжиегін кеңейтуде.
Облыстық кино орталығының қорында маңызды, құндылығы жоғары фильмдер сақталған. Олар ленталы 130 көркем фильм, 46 деректі фильм, 39 мультипликациялық топтамалар. Жалпы, орталық қызметінің мәні – фильмдерді жасау, сақтау, қалпына келтіру, прокаттау және оны көрсету.
Жыл басынан бері «Алғысым шексіз», «Мемлекеттік қызметкерлер» секілді тақырыптарда бейнероликтер түсірілді. Сонымен қатар, «Бізбен бірге» облыстық әлеуметтік роликтер байқауы жарияланып, үздіктер анықталды. Мән- мағынасымен дараланған әлеуметтік роликтер кино орталығының және басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылды.
Архив саласы бойынша да айтарымыз бар. Бүгінде облыс көлемінде 12 мемлекеттік архив бар. Қордай ауданының мемлекеттік архивіне 200 мың сақтау бірлік құжаттарды сақтайтын жаңа ғимараттың құрылыс жұмысы толық аяқталды.
Облыстық мемлекеттік архивке 1500, 0 миллион сақтау бірлік құжаттарды сақтайтын жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жуалы, Мойынқұм, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов аудандық архивтеріне 200 мың сақтау бірлік құжаттарды сақтайтын жаңа ғимараттар соғу үшін жер бөлініп, заңдастырылып, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін құжаттары жолданды.
Жамбыл аудандық архивіне 200 мың сақтау бірлік құжаттарды сақтайтын жаңа ғимараттың құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Сарқылмас парасаттың сарайы саналатын кітапханалар қашанда адамды рухани байытып, өткен мен бүгінге алтын көпір орнатуда. Облысымызда қазіргі таңда 274 кітапхана халыққа қызмет көрсетіп отыр. Кітап қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 27, 8 миллион теңге бөлініп, 8980 данаға (7793-і мемлекеттік тілде) кітап қоры жаңа кітаптармен толықтырылды.
Сонымен қатар, жергілікті ақын- жазушылардың кітаптарын сатып алып, облыс көлемінде тарату үшін кітаптарды басып шығаруға қаржы қаралып, Алматы қаласындағы «Абай» баспасы тарапынан әр қаламгермен жеке-жеке авторлық келісімшарт жасалды. Кітапқа жергілікті 24 ақын-жазушылардың шығармалары енгізілетін болады.
Бүгінгі таңда 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 212 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған.
Сөз басында айтып өткенімдей, өңір мәдениетін дамытып, ұлттық құндылықтарымызды жандандыру жолында жүзеге асып жатқан жобалар мен ауқымды іс-шаралар легі биыл да жоспарға сәйкес өтуде. Әулиеата өңірінен шыққан бірқатар өнер майталмандарының мерейтойлары тойланып, бірқатар ауқымды жобалар іске асырылуда.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысына республикадан 20 ақын қатысты. Оның 10-ы Әулиеата өңірінің айтыскерлері. Бас жүлдені жерлесіміз, жас ақын Алина Айдаралы иеленіп, облыстағы талантты өнерпаздарымыздың қатары толығуда.
Сондай-ақ, өңірдегі жас таланттарды іздестіру, оларға қолдау көрсету, орындаушылық шеберлігін шыңдап, танылуына мүмкіндік жасау мақсатында шығармашыл жастардың «Жаңа есім» жобасы дәстүрлі түрде биыл төртінші рет өткізілді. Жобаға 500-ге жуық өнерпаз қатысып, жеңімпаз атанған 16 өнерпаздың қатысуымен Қ.Рысқұлбеков саябағында гала- концерт ұйымдастырылды.
«Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндері қолға алынып, аудан орталықтарында мәдениет күндері өз деңгейінде өтті. Нәтижесінде облыс орталығында мәдениет күндерінің қорытынды гала- концерті мен марапаттау рәсімі өтіп, Шу ауданы «Шағын автобус» (1-орын), Қордай ауданы «автокөлік» (2-орын), Меркі, Мойынқұм аудандары дыбыс күшейткіш аппаратурасы жиынтығын (3-орын) иеленді.
Сондай-ақ, осы шарада «Халықтық», (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының деңгейін анықтау, халық шығармашылығы жанрларын дамыту мақсатында өткен «Өнер көзі – халықта» облыстық фестивалінің «Үздік би ұжымы», «Үздік хор ұжымы», «Үздік ән-би ансамблі», «Үздік аспаптық, фольклорлық ансамблі» номинацияларының жеңімпаздарына және «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023», «Ең үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауларының жеңімпаздарына жүлделер табысталды.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ш. Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей үйінің аумағында үлкен іс-шара ұйымдастырылып, облыс мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген дарынды шығармашыл азаматтар мен мәдениет қызметкерлеріне облыс әкімінің сыйақысы табыс етілді.
М. Құсайыновтың 75 жас мерейтойына және «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен бірге Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған «Ән- жырым саған, туған ел» атты ІІІ халықаралық әншілер конкурсы өтті. Ақын, жыршы, сазгер Аяз Бетбаевты еске алу кеші де, К.Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Өңірімізде классика жанрын жандандыру, насихаттау мақсатында қазанның 10-ы күні Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» с аябағында отандық классикалық музыка әлеміндегі танымал музыканттар мен белгілі әншілердің қатысуымен «Күзгі әуен» классикалық өнер кеші ұйымдастырылды. Шараға Толқын Забирова, Жәмилә С еркебаева, Майра Мұхаммедқызы және Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысты. «Достық» үйінде композитор Әуе зхан Салабековтің «Рақмет саған, туған ел!» атты облыстық байқауы, «Балас ағұн» орт алық концерт залында Роза Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына арналған кеш өтті. Жыл соңына дейін Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жас мерейтойына, «Тараз» триосының 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кештер және «Театр – өмір айнасы» халық театрларының облыстық фе стивалін өткізуді жоспарлап отырмыз.
Босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған Жамбыл жерінде мәдениет саласын дамыту мақсатында республикалық, халықаралық деңгейде өңірдің абыройын асқақтатып жүрген сала қызметкерлері де жылдың жемісті аяқталуына үлес қосты. Ауыз толтырып айтарлық жеңістердің бірі – Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп жүрген «Рухани қазына» республикалық фестивалінде жамбылдықтар үш номинация бойынша жеңімпаз атанды.
Яғни, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша үздік деп танылып, 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді. Ал, Байзақ аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Жанар Қорғанбекова «Үздік креативті мәдени демалыс ойын-сауық жобасы» бойынша, Меркі ауданы Тәтті ауылдық клубының меңгерушісі Шарбану Жуасбекова «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үздік әлеуметтік мәдени жоба» бойынша жеңімпаз атанып, 300 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Дәл осындай жетістіктер легін, жыл ішінде атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, бұл жыл мәдениет саласы үшін жемісті аяқталды деуге толыққанды негіз бар. Әр жылдары көрсеткіштері артып, жандану үстіндегі мәдениет с аласының жетістігі – ұлттың жетістігі екендігін ескерсек, ұлттың мүддесін биік қойған халық ретінде мәдениетіміз бен өнерімізді де қастерлеу парызымыз. Жалпы, салада биыл іске асқан жұмыстардың сипаты – осы. Алдағы уақытта да дәл осы қарқын ұлғаймаса, кемімейтіні анық.
Ерлан ЖҮНІСБАЙ,
облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдени жетістіктерге толы аудан
- 10 қазан, 2024
Жамбылда «Тифломузей» жобасы жанданып келеді
- 9 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді