Күз
Өтеді ғұмыр ілгері жылды жыл сүйреп,
Бос өткен күнге өкініп адам күрсінбек.
Тағы да міне өмірін жаздың қысқартып,
Күрең күз келді ақынға жақын бұл сурет.
Құстардың қайтқан даусына тұрмын қосып үн,
Әсерлі ән боп жүректе жүрер осы күн.
Сыйласып жақын, сырласып бірге тұратын,
Көңіліміз ұқсас мен де бір күздің досымын.
Білгенге күздің сыр толы сәні, әні бар,
Біреудің мүмкін сүйгені күзде табылар?
Кім білсін, бәлкім, көктемді емес, жазды емес,
Асыға күтіп күзді де біреу сағынар?
Жемісі күздің сый болып елге тартылар,
Мезгілдің әрбір өзіндік ырыс, нарқы бар.
Жемісінен соң шашылған жерге шашу боп,
Жапырақтары алтындай көзге жарқырар.
Алыстап барад еркелік және мәз қылық,
Жүретін жиі көңілді көктем, жаз қылып.
Күз маған сары дәптер мен қалам ұсынды,
Санама тұнған сағынышымды жазғызып.
Жылылық таппай қалғанда туыс, достардан,
Көзімді сүртіп өкініш, мұңнан жас тамған.
Салқын да болса отырсам ба екен құс болып,
Талдарға барып жапырағы ұшып бос қалған?
Сарғайған бақты бетке алып едім күн күліп,
Жылытқан болды бойымды сонда нұрлы үміт.
Шабытпен келіп суреттеп сәнін жыр жаздым,
Күзге деген адалдығымды білдіріп.
Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ, ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




