Спорт және туризм
Алматы прокурорлары «Artsport» бағдарламасын іске асыру барысында бұзушылықтарды анықтады
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2023
- 528

Алматы прокурорлары «Artsport» бағдарламасын іске асыру барысында бұзушылықтарды анықтады
«Artsport» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды.
Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілер бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген.
Аталған факті бойынша а.ж. 30 мамырында аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.
Жекелеген жеткізушілер «Артспорт» жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.
Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. (айыппұлдар төленді). Алматы қаласының прокуратурасы
Ұқсас жаңалықтар
Үстел теннисінің үміттері
- 10 маусым, 2025
Ералы Тұңғыш: «Ұлттық құрамада ойнау — негізгі арманым»
- 2 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді