Ақтөбеден абыройлы оралды
Жақында Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Бұл айтулы жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері Есенгелді Батырғаринді еске алуға арналды. Бұл турнирде облысымыздың намысын Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спортшылары қорғады. Жерлестеріміз екі алтын, бір күміс медальді жеңіп алып, спортсүйер қауымды қуантты. Атап айқанда, 67 килограмм салмақта өнер көрсеткен Юсуф Ашрапов пен 87 килограмм салмақта тер төккен Нұрасыл Қалмағанбет алтыннан алқа тағып, чемпион атанды. Сондай-ақ, осы салмақтағы Нұрасыл Аманалы күміс медаль иеленді. Осылайша, жамбылдық балуандар Қазақстан Ұлттық құрамасының жақсы нәтижеге жетуіне өз үлестерін қосты. Бұл ретте жеңіс тұғырынан көрінген балуандардың жеке бапкерлері Нұрлыбек Дауылбаев, Сағи Исаев, Абзал Төлеевтің еңбектерін ерекше атап өткеніміз жөн.
Ел сенімін ақтаған бұл балуандар алдағы Азия, Әлем чемпионаттарында өңіріміздің намысын қорғайтын болады.
Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА,
Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




