«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазынамыздан қол үзіп қалмайық

Қазынамыздан қол үзіп қалмайық
ашық дереккөз
Қазынамыздан қол үзіп қалмайық
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати есімінің, мұраларының елге оралуы ХХ ғасырдың 90 жылдарының соңындағы қазақ руханиятындағы зор жаңалық болды. Бұл жөнінде 1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінде өткен «Қазақстанның көне және ортағасырлық тарихының проблемалары» атты ІІ Халықаралық оқуларында (18-20 қыркүйек, 1998 ж.) сөйлеген сөзінде сол кездегі ҚР Мемлекеттік хатшысы, көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев арнайы атап өткен болатын. Қоғамымыздың рухани өміріндегі аса бір айтулы оқиғаға куә болып отырмыз. Атын бүгінде әлем білетін Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің мүшелді жылы өз елінде алғаш рет аталып отыр. Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің мыңжылдық салтанатынан кейінгі екінші бір ерекше жағдай. Бақсақ, ғасырлар бойы өз байлығымыздың қызығын өзіміз көре алмай келіппіз. Өз қазынамыздан өзіміз қол үзіп қалыппыз. Өз жақсыларымызды бағалаудың орнына кей ретте кісі ағасын көбірек жағалап кетіппіз. Сөйтіп өзімізді-өзіміз жете білмейтін, жете танымайтын жағдайға жетіппіз. Бұл – тек отаршылдық саясаттың ғана еме с, сол қа лыпт астырған бодандық сананың өрескелдігі еді» деп жазды ол (Ә.Кекілбаев М.Х.Дулати мұрасы және тарих тағылымы. Кітап: Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде: Ғылыми жинақ. Құраст. Әбсаттар қажы Дербісәлі). Шындық осылай еді. Танымал ғалымдар Дулати туралы жазып, әйгілі «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сілтемелер жасағанмен, халық даңқты бабасынан, оның өмір жолы мен тағдырынан хабардар болмады. 1542-1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған «Тарих-и Рашиди» еңбегінде ол Орталық Азия халықтарының ХІІІ-ХVІ ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен мекен еткен аймақтары, әдебиеті мен өнері, белгілі тарихи тұлғалары туралы жазды. Академик Ә.Дербісәлінің дерегі бойынша бұл еңбек XVI ғасырда 3 рет, XVII ғасырда 5 рет, XVIII ғасырда 3 рет, XIX ғасырда 12 рет көшірілген (Ә.Дербісәлі Мұхаммед Хайдар Дулати: Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық.– Алматы, М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 1999. – 160 б.). Қолжазбалары Ресейдің Ғылым академиясы Мо сква шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімінің қолжазба қорында, Санкт-Петербург университеті кітапханасының шығыс бөлімінде, Өзбекстанның Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыст ану институтының қолжазба қорында, Тәжікстан Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қорында, Үндістан, Бенгалияның Азия қоғамдастығы, Калькуттада, Хайдарабад орталық кітапхана қолжазбалар қорында, Әлигарх мұсылман университетінің, Сринагар, Пәкістан Пенджаб университеттерінің, Иран Исфаһан қалалық көпшілік кітапханасында, Англия Британ музейі Лондон қолжазба қорында, Лондон «Индия офис», Оксфорд Бодлян, Кэмбридж университетінің, Азия қоғамдастығының, Франция Ұлттық кітапханасында сақталып, әлем ғалымдарының назарына іліккен. Бұл еңбекті ағылшындар ХІХ ғасырда Үндістаннан тауып, Эдвард Дэнисон Росстың аудармасымен 1895- 1898 жылдары Лонданда кітап етіп бастырған. Бірақ бұл басылымдар толық нұсқасы емес, қысқартылған нұсқа еді. 1996 жылы өзбек ғалымдары А.Урунбаев, Р.П.Джалилова, Л.М.Епифанова орыс тіліне алғаш рет аударып, Ташкентте Өзбекстан ҒА-ның «Фан» баспасынан кітап етіп шығарды. Бұл қолжазбаның толық нұсқасы болатын. Дулатитанудың кең қарымда дамуына кітап ерекше серпін берді. Дулати еңбектерінің зерттелуінде үндістандық ғалымдардың орны ерекше. Амин бин Ахмад Разы 1593- 1594 жылдары жазған «Хафт Иклим» еңбегінде Мұхаммед Хайдар туралы айта келіп, еңбегінен үзінділер келтірген. Әбу-л Фазл Аллами (1551-1602) «Акбар нама» еңбегінде ұлы ғалым туралы айтса, Фиришта (Мухаммед Касым Һиндушаһ) (1552 жылы) «Хайдар мырза түрік» деп жазған. Мухаммед Азам (XVIII ғасыр) Кашмир өлкесінің тарихын ғалымның еңбегіне сүйеніп жазса, Абдулла «Тарих-и Дауди» еңбегінде қысқа да нұсқа баға береді. Қазіргі уақытта Нью-Делидегі Джавахарлал Неру университетінің профессоры Мансура Хайдар ханымның зерттеулері ерекше маңызға ие. Ол Үндістанның түрлі қолжазба қорлары мен кітапханаларында с ақт аулы үнді және парсы тілдеріндегі деректерді жинап, кітап етіп басып шығарған. Ол 2010 жылы «Мирза Мухаммад Хайдар Дуглат в персидских источниках» деген атпен Алматыда орыс тілінде жарық көріп, 2011 жылы Нью-Делиде, 2015 жылы Астанада автор Мансура Хайдардың және профе ссорлар Ә.Дербісәлі, С.Ф.Мажитовтың қатысуымен тұсауы кесілді. Дулати мұраларының зерттелуінде қазақ ғалымдарының орны ерекше. 1362 жылдан 1554 жылға дейінгі Орталық Азия тарихынан көп мәлімет беретін аса құнды кітап Еуропада тек аты ғана аталып, Петербугтегі қолжазбаның әлі күнге дейін игерілмей жатқанын қынжыла айтқан Шоқан Уәлиханов Ресейде ғажайып мұраны алғаш зерттеп, ғылыми айналымға енгізген ғалым болды. Ол 1861 жылы Петербургте жарық көрген «Очерки Джунгарий» атты еңбегінде кітаптың бірінші бөлімі Қашқар хандары Тоғлық Темірден баст ап, Шыңғыс ханның ұрпағынан Рашид ханға дейінгі тарихты қамтитынын, екінші бөлімі мемуар түрінде автор естеліктерінен тұратынын көрсетіп, өзге де бағалы пікірлерін білдірді. Автор туралы «Сам автор принадлежал к знаменитой фамилий Дуглат, предки его под именам улусбеков играли в Могул-улуса такую же роль, как мажордомы при Меровингах франков» деп жазды. Танымал тарихшы С.Өтениязов 1996 жылы Ташкентте «Фан» баспасында басылған «Тарих-и Рашиди» еңбегіне берілген алғысөзде алғашқы негізгі және бағалы дереккөз ретінде еңбегінде пайдаланушы В.В.Веляминов- Зернов болды деп жазылуының қате екенін, Ресейде Мұхаммед Хайдар еңбектерімен алғаш айналысқан ол емес, қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов екенін және оны сол кездегі, қазіргі Петербург ғылыми орталықтары жақсы білетінін жазады. (Өтениязов С.Шоқан Уәлиханов – Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегін тұңғыш зерттеуші. Кітап: Дулатитану белестері. Ғылыми жинақ / Құраст. С.Құлбарақ. – Тараз: Тараз университеті баспасы, 2018. – 320 б.) Сондай-ақ, Ташкент басылымындағы екінші қателік – кітап авторының «Мырза Мұхаммед Хайдар» деп қысқаша жазылуы. Оған дейінгі зерттеушілер оның руының аты мен берілген тегін қалдырмаған жоқ болатын. Түйіндей айтқанда, әлемдік Дулатитануда Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегін алғаш ғылыми айналымға енгізген қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов болатын. Ұлы т арихшы жөніндегі екінші іргелі еңбек академик Әлкей Марғұланның 1941 жылы «Әдебиет және искусство» журналының 4-санында жарияланған «Мұхаммед Хайдар Дулати – қазақтың тұңғыш т арихшысы» атты мақаласы болды. Ол «Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісі де сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым, жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүниежүзіне әлпештап таратқан, әсіресе оның парсы тілінде жазылған – «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүниежүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. Мұхаммед Хайдар туысы жағынан ұлы жүз Дулаттардан тарайды» деп жазды. Одан әрі оның ата тегін тарата жазады. «Шоқан Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед Хайдар – Дуғлат руы Болашы бидің ұрпағы. Дұғлат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашғар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед Хайдардың өз әкесі – Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу өзені, Талас бойын мекен еткен Дулаттар ортасында туып-өсіп, ел билеген атақты адам саналған. Қазақтың Қасым ханы мен өзбектің Шайбани ханы Алтын ордадан қалған мұра – Сырдария бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде Хайдардың әкесі – Хұсайын, оның ағасы – Мұхаммед Хайдар, Дулат биі – Сұлтан-Ахмет – барлығы Дулат руының тума бектері аталған қолбасылар. Олар бір жағынан Ферғанадағы Бабырға күш берсе, екінші жағынан, Қасым ханды қолдап, өзбек Шайбани ханға қарсы тұрды. Хайдардың әке сі Хұс айын көреген ол кезде қайын атасы Моғұлстан ханы Жүніс хан атынан мезгіл- мезгіл Ташкент пен Ұратөбе қаласын басқарады. Осы кезде келешектегі жазушы Мұхаммед Хайдар дүниеге келеді. Тегінде ұлы жүз Үйсін, Дулаттардың не Шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға қатысуы тарихта аз болмаған. XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі бұл қалада аса зор болған, ең соңғысы Төле бидің өзі көп өмірін осы қалада өткізіп, бірталай естелік қалдырған, өлгеннен кейін денесі де осы қалада жерленген» дейді.  

Сәмен ҚҰЛБАРАҚ,

филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ұқсас жаңалықтар